Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шыншылдық - адамдықтың белгісі

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік.
Сабақтың мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету, өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: \құралдар, мәліметтер\ (1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті: Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

2. Үй тапсырмасын тексеру. (1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)
Ә. Табылдиевтің «Ағайынды екі қыз» әңгімесі оқуға берілген болатын.
Сұрақтарға жауап алу:
Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?
Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
Сеніңше шыншыл бала қандай болады?
Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді
- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.

3. Дәйек сөз. «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді».
Шындық неге жеткізеді? Ал өтірік ше? Мысал келтір.
- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы «Самал» газеті 15 мамыр 2013 жыл
4. Әңгімелеу. \сұхбат\
Аңыз әңгіме: «Шындық пен өтірік»
Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.
- Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?
- Шындық неге жетелеп отыр?
- Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?
- Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?
5. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.
Мысалы: Ш шана, А алма т. с. с

6. Топпен ән айту. «Балдырғандар әні (Музыка 1 сынып \ өзгертілген \)
Сөзін жазған: О. Әубәкіров Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар барлығымыз.
Қайырмасы: Өмір тым жайдары
Қызықтың қайнары
Мектебіміз жайнады \рет\
Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.
Қайырмасы

1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы
7. Үй тапсырмасы. а\ беттегі «Жауапты іс» деген мәтінді оқу;
ә\ Дәптерде берілген «Мақал мәтелдерді оқыңдар. Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар» деген тапсырманы орындау ұсынылады.
8. Соңғы тыныштық сәті. Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.
21 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Шындықпен өтірікті ажырата білу жайында ойларымен бөлісу, мейірімділік адами қасиетімен өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту - шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Махаббат — өмір өзегі
Махаббат — өмір өзегі
Бәрінің бастауы – Махаббат! Жанына нұр сепкен шапағат. Еңбектің рақатын сездірген, Гүлдерге құлпыртып түр берген.
1 наурыз Алғыс айту күніне арналған. Ризашылық
1 наурыз Алғыс айту күніне арналған. Ризашылық
1 наурыз алғыс айту күніне арналған. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шегербаева Роза Лесқызы
Тіл табыса білейік
Тіл табыса білейік
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×