Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық қымбат өмірде

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Сабақ мақсаты: Достық, өзара сыйластық ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: Балаларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету.
Өзара сыйластық, түсіністік, көмек қарым - қатынастарын дамыту.
Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа, суреттер.
Шаттық шеңбері: Балалар бір - біріне көргендеріне қуанышты екендерін білдіру үшін, бір - біріне жақсы тілек жылы сөз айтады.
- Сауле, сен мейірімдісің!
- Эльмира, сен сондай сүйкімдісің!
- Сулушаш, сен маған ұнайсың!
- Айнұр, сен ақылдысысың!

Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін әңгімелеп береді.
Тыныштық сәті:
- Балалар денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Терең дем алыңдар. Өздерінің тыныс алуларыңды бақылап, махаббатпен тыныштыққа толы таза ауаның тұла бойларыңа сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Тапсырма:
Оқушыларға «Достық неден басталады» деген тапсырма беріледі.
Ойын. Мен қандай баламын?
Күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, шуақты тақтаға кезекпен іледі.
Тапсырманы қорытындылау.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалім оқушыларға дәптерде берілген «Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» деген тапсырма береді.

Қорытындылау
- Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір - біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.
Жүректен жүрекке
Балалар қол ұстасып шеңбер құрайық. Кәне, бір - бірімізге қарайық. Досының күлімдей қарағанын саған қуаныш сыйлап тұрғаны емес пе?
Ендеше мына өлеңді бірге айтайық.
«Біз - өмірдің гүліміз»
7 877
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық. Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Тіл табыса білейік
Тіл табыса білейік
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы, №9 "Балауса" балабақша тәрбиешісі Шынар Мүберекова Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық» Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан» Мақсаты: «Құрмет»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×