Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы және әрпі

26 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жж дыбысы мен әрпі (1 сынып)
Білімділік мақсаты: Оқушыларды Ж дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ж дыбысы бар сөздерді оқыту, жазғызу. Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойларын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыта отырып, дұрыс оқи алуға, әдемі жазуға машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, шешу
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Көрнекілігі: Ж әрпінің баспа және жазба түрі, кеспе әріптер, суреттер, Ж әрпінен басталатын мақал - мәтелдер.
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
Ә) Сынып оқушыларын түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтағы Ыы дыбысын қайталатуда
а) «Әріптерді сөйлет» ойынын ойнату. Өткен әріптер бойынша «Әріптерді сөйлет» ойынында балалар әріптерді айтып, олардың дауысты және дауыссыз дыбыстар екенін атап, олардан сөз құрап, буынға бөледі.
Ә) Үйге берілген «қақпашы» мәтінін сұрақ - жауап арқылы сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «құпия». Жаңа сабақтың «құпиясын» ашу үшін «Бұл не?» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Оқушылар кезек – кезек шығып берілген суретті сипаттап айтып береді. Отырған оқушылар жауабын табады.
(Жаңбыр, жапырақ, жүрек, жылқы)
- Ал балалар жауаптарын дұрыс таптыңдар, сөздер қай дыбыстан басталып тұр?
- Дұрыс айтасыңдар Ж дыбысынан.
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Жж дыбысы мен әрпі
Мақсатын хабарлау.
- Ж, ж, ж (хормен айту)
- Қалай естіліп тұр, қалай айтылады?
- Дұрыс балалар, кедергіге ұшыраптұр, созылмайды, әндетілмейді.
- Сондықтан Жж дыбысы дауыссыз, ұяң дыбыс.
- Ал енді өздерің Ж дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

ІҮ Оқушылар сөздер жазылған парақшалар алып, сөздерді оқиды, буынға бөледі. Сөз неше буыннан тұратынын анықтап тиісті орнына қояды.
Ү Оқушылар өткен сабақтарда жаттаған, өздері білетін жаңылтпаштар айтады.
Жаңа жаңылтпаш жаттау
Жағажай,
Жағажайда Қамажай.
Жағажайды жағалай
Жүгіреді Қамажай.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
Ал енді балалар, алдымыздағы әліппе кітабымызды ашайық. Өйткені кітап біздің досымыз, ақылшымыз.
1. Хормен оқу
Жа ға, жа лау, жо та, жан тақ, жуан
Жа са, жа сау, жуа, жу сан, жуас,
Жусан
Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды.
- Мәтінді оқып түсіндіру. Жусанға түсінік беру.
2. Іштей оқу
3. Тізбектей оқу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 590
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ң дыбысы мен әрпі
Ң дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы
Б дыбысы мен әріпі.
Б дыбысы мен әріпі.
Б дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздер ойлату және сөз ішінен «б» дыбысының қай буында тұрғандығын тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×