Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б дыбысы мен әрпі

03 қыркүйек 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: білімді қалыптастыру. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
Дамытушылығы: танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. Ойын элементтерін пайдалана отырып, дұрыс, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ, жұмбақ шешу, суретті жұмбақ.
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану сабағы.
Көрнекілігі: Б дыбысына арналған плакат, бақа, балық, балапан т. б. суреттер,« Қай әріпті жоғалттым?», «Сөз құрастыр» ойындары, кеспе әріптер, борлар түрі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а). Амандасу.
ә). сабаққа дайындық.
б). оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық
- М дыбысымен.
«Жалғастыру ойыны» ойналады. Оқулықтағы М дыбысына байланысты бағандағы сөздерді оқу.«Қар»мәтінін Дүниетану сабағымен байланыстыра отырып, неше мезгіл бар екенін атау және қыс туралы әңгімелеу. М дыбысына сөздер ойлап, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
- Сонымен М дыбысы қандай дыбыс екен?
- М дыбысы – дауыссыз дыбыс.

3. Қызығушылығын ояту:
Жұмбақ шешу.
- Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар:
1. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(Балық).

2. Қызықтырып әркімді – ақ,
Суда жүзер жалтылдап.
Қайсы әріптен басталған,
Сол жәндіктің атын тап?
(Бақа ).

3. Туа сала жүзеді,
Суда жүзе біледі.
(Балапан).

- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!
- Балық, бақа, балапан сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы.
- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысы.
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Б - дыбысын айтқанда еріннің бір – біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбысты белгілейтін графикалық таңба. Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б - дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету.
Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба, 2 - ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;
Б - дыбысына сөздер ойлату, айтқызу.

4. Сергіту сәті: « Мен қандаймын?».
Өз атының басқы әрпінен келетін сөздер айтып, өзін бағалау. Мысалы: Мен Сабирамын – мен сабырлымын. Дарханмын – дарындымын т. б.

5. Оқулықпен жұмыс. Кітаптағы суреттермен танысу. Бағандағы сөздерді оқып беру, содан соң оқушыларға оқыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.
Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.

6. Дәптермен жұмыс. Б әрпінің жазба түрін тақтаға жазып көрсету. Б әрпінің элементтерін ауада жазу. жазу дәптеріндегі үлгі бойынша Б дыбысын бастырып жазу. Дәптерге жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Дәптерді көлбеу қойып, әдемі, таза жазамыз.

7. « Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнату. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
А... а; Н... н; Ш... р; М... л; осы сөздерге мына әріптерді қойып, сөз оқу (а, о, т, п, у, р, л, ш, қ, д, м, ғ )
Қорытынды:
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Б дыбысымен.
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі созылмайды.

«Суретті ребус» ойынын ойнату арқылы Б дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанын айту және буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.
Суретті ребус
1) Бақа
2) Балға
3) Балта
4) Балапан
«Сөз ойла» ойыны
Үйге тапсырма:
30 141
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Щ дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×