Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

12 тамыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, МАД тобы, сауат ашу
Жалпы мақсаттар: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түйінді идеялар: Ұқыптылыққа ұмтылу
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, кубизм, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу.
Көрнекіліктер: Жануарлар мүсіні, суреттер, кеспе әріптер, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі, кеспе буындар
Оқыту нәтижелері: Ж дыбысын басқа дыбыстардан айыра білді, Ж дыбысының айтылуын, ауада жазуды игерді, Тәрбиешінің сұрағын жауап беру, өз ойын нақты жеткізу, жұмбақ шешімін таба білуді меңгерді.

1 - кезең:
Қызығушылықты ояту - ұйымдастыру
Психологиялық дайындық. Таңғы шеңбер.
- Балалар, қазір қай сабақ?-
- Сауат ашу сабағынан не үйрендіңдер?
Өтілген дыбыстарды қайталап, тиісті текшеге салу (қызыл - дауысты, көк - дауыссыз)
- Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
- Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі?

2 - кезең:
Ұйымдастыру - іздену
Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!
Жау егіннің көгі өссін,
Сұлудай бұраң құрақты,
Айдын шалқар көл өссін!- Балалар, оқылған өлеңнің алғашқы жолындағы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж ж дыбысы мен әрпі.
Балаларға "Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
(Жұлдыз)
2. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді.
(Жаңбыр)
3. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары.
(Жапырақ)
4. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.
(Жапалақ)
- Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?
- Дұрыс - ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі. Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері.
- Ж - дыбысы қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз?
Сауат ашу дәптерімен жұмыс.
Ж дыбысының ауада салынуын көрсету, элементімен таныстыру. Дәптердегі жазуға арналған жұмыстарды орындау.

- Ал, балалар енді сергіту сәтін орындайықшы.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша.

(Хормен айту)
Сабақты қорытындылау.
Ж дыбысы мен әрпі. жүктеу
Ж дыбысы мен әрпі. слайд жүктеу
2 637
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
С дыбысы мен әрпі
С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: «С» дыбысының айтылуы артикуляциясымен таныстыру, басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге сурет арқылы заттың атауын білуге үйрету; ойлау қабілеттерін арттыру.
Ё дыбысы және әрпі
Ё дыбысы және әрпі
Тақырыбы: Ё дыбысы және әрпі
С дыбысы мен әрпі
С дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектеп " ММ бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Қантөре Аяповна
Ж дыбысы және әрпі
Ж дыбысы және әрпі
Ф. Энгельс атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Хабиденова Г. А
Ж әрпі мен дыбысы
Ж әрпі мен дыбысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Горьковский орта мектебі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Токбаева Хапиза Сайрановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×