Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - бақыт, ана - нұр

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ана - бақыт, ана - нұр
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – ана туралы, ананың биік қасиеті туралы әңгімелеу.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд - шоу
Кейіпкерлер: бауырсақ, ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Мен:
- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана бақыт, ана - нұр» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

І жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.

ІІ жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар!

І жүргізуші: - Қымбатты, ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!
ІІ жүргізуші: - Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды, сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!

І жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де ата мен әжей өмір сүріпті. 8 – наурыз мейрамы да келді. Атасы әжейге...
Ата: Әжесі, 8 – наурыз мейрамына ыстық бауырсақ пісірсеңші.
Әже: Пісірсем, пісірейін атасы. (Әжей бауырсақ илейді)
Сенім: Әже бауырсақты илеп, пешке пісіріп алды. ( Әже бауырсақты пешке салады)

Әже: Бауырсағым қандай менің, сап - сары, өзі дәмді, иісі қандай тәтті. Өзі ыстық, терезе алдына қояйын суысын.
Махаббат: Әже бауырсақты терезе алдына қойып қояды. Ата әжеге...
Димаш: Кемпірім, білесің бе, немерелеріміз келгенде бізге ән айтушы еді ғой, сол әнді сағынып отырғаным.
Аяулым: Иә, керемет ән айтушы еді.
І жүргізуші: Ата, әже қыздарыңыз сол әсем әнді сіздерге орындап берсін.
Ән: «Анашым» орындайтын Биболатқызы Еркеназым
І Жүргізуші: Ата, әже біздің балалар әжелеріне арнаған тақпақтарын айтып берсін.

Аяулым:
1. Ертегісі қандай көп,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Апам менің тамаша!
Дәулет:
2. Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана біздің күніміз
Ана біздің күніміз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы № 21 жалпы негізгі білім беретін мектеп Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
8 - наурыз
8 - наурыз
Әлпештеген баласын, Ана бақыт, ана күн. Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×