Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы

02 наурыз 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ортаңғы «Көгершін» тобы
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Ардақты әжелер, аяулы аналар, қызғалдақ қыздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Презентация

Жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз

Көңілді музыка ойналып залға балалар кіреді.

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде біз өз өнерлерімізді аналар мен әжелерге арнап, жылы лебіздеріміз бен махаббатымызды әнмен және бимен жеткіземіз. Сонымен қатар түрлі тапсырмаларды орындауға тырысамыз.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы мына жерде қызық кітап тұр. Ол кітап сиқырлы екен, онда не бар екенін білу үшін оны ашып көрейік.
1 бетте ♫
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
«Ана» әні

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 2 бет Ойын
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен
Аяулы біздің аналар!
Ойын: «Кім жылдам?»
Балалар таяқшаны тез орап соңындағы сыйлыққа кім бірінші жетеді.
2 ойын: «Кім шапшаң»
Балалар қасықпен бір жерден екінші жерге киндерлерді тасып апару керек.

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 3 бет
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!

Би: «Қуыршақтар»

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 4 бет
Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге жарқыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан,

Ойын: «Анаңды дауысынан таны»
Балалар өз аналарын дауыстарынан тану керек.

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 5 бет
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.

Ән: «Әже туралы ән»

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 6 бет
Ойын: «Сән»
Ұл балалар қыздарды жылдам киіндіру керек.

«Әулиекөл ауданының әкімдігінің
Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы» МКҚК
Тәрбиешілер: Дюмбаева А. В.
Капышева Ж. В.


Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы. жүктеу
8 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Ана - бақыт, ана - нұр
Ана - бақыт, ана - нұр
ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Шолаққорған жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нарметова Рахима
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.
8 - наурыз
8 - наурыз
Әлпештеген баласын, Ана бақыт, ана күн. Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×