Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана біздің күніміз

08 қыркүйек 2013, Жексенбі
Тақырыбы: «Ана біздің күніміз»
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.

Жүрісі:
Тәрбиеші: - Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана біздің күніміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

І жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

ІІ жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.

І жүргізуші: - Қымбатты ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!
ІІ жүргізуші: - Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды, сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!

Жаннұр: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.

Жанат: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен!

Аян: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Би: «Көңілді балалар». Орындайтындар: Аян, Айым, Парасат, Ақгүл, Береке, Бибінұр

Ақерке: Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа анам, ертең ақ
Отын болып жанам ғой.
Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.

Айым: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең!
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең!
Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.

Парасат: Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.
Ән: «Құттықтаймын, мама»

Әдемі: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын
Ана – бақыт, ана – жыр.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

Гүлхан: Ақыл құйған санама
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.
Би: «Чунга - чанга» Жұматқызы Жанат
Тәрбиеші: - Бүгінгі мейрам аналардікі ғана емес, ардақты әжелердікі де. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер!

Айшабибі: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Сұлтан: Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.

Жанат: Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Қыздардың орындауындағы би: «Айгөлек»

Әсем: Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!

Ақгүл: Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың.
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.

Нұрсұлтан: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым!

Әсел: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Ұланды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!

Береке: Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!

Махмуд: Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Ұлдардың орындауындағы би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: - Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!
30 196
0
  • 100
20 дауыс


Жаңалықтар
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Ана - бақыт, ана - нұр
Ана - бақыт, ана - нұр
ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Шолаққорған жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нарметова Рахима
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық.
8 - наурыз
8 - наурыз
Әлпештеген баласын, Ана бақыт, ана күн. Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×