Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кедей

13 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен мәлім бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Дамытушылығы: Сабақ барысында оқушыларды өз ойын еркін айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Ендеше бәріміз шаттық шеңберіне тұрып топқа бөлінейік. Енді бір бірімізге жүректен жүрекке жылу сыйлайық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан жағым.

ІІ. Өткенді пысықтау:
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар.
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар.
Осы мақалға ұқсас, сәйкес келетін қандай әңгіме өттік?
- Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі.
1 топ Бірінші бөлімнің мазмұнын айту.
2 топ Екінші бөлімді сурет бойынша әңгімелеу
3 топ Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде? туралы әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.
С. Торайғыров 1893жылы 28 қазан күні Көкшетау облысының Қызылту
ауданында дүниеге келген. Жастық шағы, балалық шағы Баянауылда өтеді. Ол 27 жасында 1920 жылы 21мамырда ауыр науқастан қаза болады. Топтастыру:
С. Торайғыров

Жазушы, Ақын, Ағартушы, Шыншыл, Ел қамқоршысы

С. Торайғыровтың шығармалары
♦ Өлеңдері: «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Жарлау», «Бұлар кім»
♦ Поэмалары: «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы»
♦ Прозасы: «Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

Ендеше бүгінгі сабақта С. Торайғыровтың Кедей поэмасынан үзінді өтеміз.
1. Кедей поэмасымен таныстыру.
2. Оқулықпен жұмыс

1топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2топ. Мағынасын ашу.
3топ. Әңгімелеу
3. Ой қозғау.
1 топ. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
2 топ. Кедей деп кімдерді атаған?
3 топ. Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?

4. Ой толғау.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.

Қазір кедей адам жоқ.
Қазіргі кезде кедей адамдар бар.
Аштық, кедейлік болмас үшін не істеуге болады?

5. Ойтұжырым.
Венн диаграммасы арқылы екі мәтіннің ортақ қасиетін табу.
Б. Майлин «Күлпаш»
Ұқсастығы
С. Торайғыров «Кедей»

6. Эссе жазу. Шығармашылық жұмыс.
Жалпы өмірде кедейлер бар ма?

7. Сабақты қорыту.
Кедейлікке жол бермей, сабақты дұрыс оқып, адал еңбек етуге жұмыстану
8. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу.
9. Бағалау. Мадақтау
8 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Келер шақ
Келер шақ
Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
"Қыс" Абай Құнанбаев
"Қыс" Абай Құнанбаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×