Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қыс" Абай Құнанбаев

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы Абай Құнанбаев Қыс
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмірінен мәлімет бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Дамытушылығы: Сабақ барысында оқушыларды өз ойын еркін айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Ендеше бәріміз шаттық шеңберіне тұрып топқа бөлінейік. Енді бір бірімізге жүректен жүрекке жылу сыйлайық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан жағым.

ІІ. Өткенді пысықтау:
Біз өткен сабақта Ата - баба тарихы - менің тарихым деген үлкен тарауды бітірдік.

ІІІ. Жаңа сабақ: Балалар қазір қандай мезгіл? Ендеше қыс мезгілін көз алдымызға елестетейік.
Сурет бойынша әңгімелеу.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
2. Қанаты жоқ - ұшады,
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ - ұлиды.
3. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
4. Қыста жылы аяғым,
Аязда да, қарда да,
Қыс келгенде киемін.
Келсе сүйреп таяғын.
Осы жұмбақтардың шешуінен сөзжұмбақты табу
Сөзжұмбақтың шешуі: Қар, боран, аяз, байпақ.

Ендеше, Абай атамыздың Қыс өлеңінен үзінді өтеміз.
Абай Құнанбаев Қазақтың ұлы ақыны Абай /Ибраһим/ 1845 жылы Семей облысы қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Шыққан ортасы - ауқатты. Шешесі - Ұлжан, әжесі - Зере. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. /

IY. Топтастыру:
А. Құнанбаев - Жазушы, ақын, аудармашы, ағартушы, философ,

Y. Абайдың шығармалары:
*Ғылым таппай мақтанба. * Қансонарда бүркітші шығады аңға.
*Интернатта оқып жүр. *Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.
*Әсемпаз болма әрнеге. *Құлақтан кіріп бойды алар.
*Жазғытұры. * Білімдіден шыққан сөз.
*Жаз. *Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай.
*Күз. *Сап, сап, көңілім, сап, көңілім.
*Қыс. *Желсіз түнде жарық ай

YI. Жаңа сабақты меңгерту
Ендеше бүгінгі сабақта А. Құнанбаевтың Қыс өлеңінен үзінді өтеміз.
1. Қыс өлеңімен таныстыру.
2. Оқулықпен жұмыс
1) Өлеңді мәнерлеп оқу.
2) Мағынасын ашу.

YII. Сөздік жұмыс
1. Шидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім. 2. Домбығып - үсік шалу.

YIII. Сауалнамалық жұмыс
1.«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды» деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді?
А) Малшыны, Б) Кәрі шалды,
Ә) Жас баланы, В) Жас жігітті,
2. «Әуес көріп жүгірген...
Беті қолы домбығып үсік шалды».
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт.
А) Малшылар, Б) Қойшылар,
Ә) Жас балалар, В) Адамдар,
3. «Шидем мен тон қабаттап киген...» кім?
А) Шал, Б) Бала,
Ә) Малшы, В) Жігіт,

IX. Ой толғау.
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша шығармашылығын дамытады.
1 топ Қыс туралы әңгіме жазу
2 топ Қыс туралы өлең шығару
3 топ Қыстың суретін салу

X. Абайтану
Абай атамыздың кітаптарынан көрме ұйымдастыру.
Шығармаларымен таныстыру.
Абай атамыздың мұражайы.
Әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның зираты.
Абайдың 150жылдығында қойылған ескерткіш.

XI. Ой қозғау
1 - топ Абайдың мысалдарынан үзінді.
2 - топ Абайдың өлеңдерін айту.
3 - топ Абайдың қара сөзінен үзінді

XII. Үйге тапсырма: өлеңді жаттап, сурет салу.
XIII. Бағалау. Мадақтау
3 964
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Келер шақ
Келер шақ
Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Кедей
Кедей
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×