Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ұшқан ұя" Бауыржан Момышұлы

20 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: батырдың балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шыруға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: оқушыға өздік жұмыс жасату арқылы оның оқулықпен жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, проблемалық мәселелерді шешудегі іскерлігін арттыруға жағдай туғызу.
Тәрбиелік: отбасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейірімділікке, қамқорлыққа, ұлттық дәстүрімізге бала көзқарасын қалыптастыруға, сана - сезімді биіктетуге ұмтылу әрекеттері.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: батырдың портреті, альбом, тақта, бор, маркер, плакат, жазушы туралы және батырдың өзінің кітаптарынан ұйымдастырылған көрме, топтау сызбасы.

Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру мұғалімнің өз шешімі бойынша жоспарланбақ. Дегенмен ол жұмысты жаңа сабақпен қиыстырып, шебер байланыстырса, ұтымды болған болар еді.

1. Қызығушылығын ояту.
а)... Иә, балалар, жақсы адамдар жанымызда жүргенде оның жақсылығы айтылмай, ол мүлде байқалмай да қалуы мүмкін. Мысалы, батырларды мақтан етеміз. Сендер қандай батырларды білесіңдер? (Балалардың сөздері ықыласпен тыңдалады. Тақтаға тізбеленіп жазылады)
ә) Ал біз бүгін Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқимыз. Плакатқа немесе интерактивті тақтаға кесте сызылып жазылады.
Білемін
Білгім келеді
Не үйрендім?

Сыныпқа жалпы сұрақ қойылады.
- Батыр туралы не білеміз?
Кестенің бірінші бөлігі оқушылардың айтуы бойынша толтырылады.
- Бауыржан ата туралы тағы не білгілерің келеді? Осы сұрақ кезінде оқушылар балалық кезін білгіміз келеді деуі әбден мүмкін.

2. Мағынаны тану.
- Ендеше, біз бүгін батырдың балалық шағы туралы өзі жазған естелігін оқимыз.
Ескерту: Батыр туралы тағы білгісі келгендерін өздері тауып оқу керектігін айту қажет. Бұл жерде мұғалімге кітап көрмесі қызмет етеді.
Топқа бөлініп оқу өте тиімді, себебі кейбір бала мәтіннің аз бөлігін меңгеру оңай екенін сезініп отырады. Себебі оқушылар өздік жұмыс жасау қабілетіне қарай топталып бөлінбейді де, кейбір баланың үлгеріміндегі ерекшелігін ескеріп, оларға салмақ түсірмеу жағы да қарастырылу керек. Оқушылар бір - бірін тыңдауға дағдыланады да, ойша өзінің оқығанымен байланыстырады, түсінгенін жеткізіп әңгімелеуге тырысады. Кейбір сабақта мәтіннің белгілі бір бөлігі талданбай қалуы да мүмкін. Ол оқиғаның шарықтау шегі немесе ары қарай не болатыны баланы қызықтыратын, оқымай қою мүмкін емес жағдайға дейін әкелу керек те, егер уақыт жетпесе, үйге тапсырма ретінде ұсыныңыз. Ендеше, сіз осы мәтінді балаларға қалай бөліп, оқуға ұсынар едіңіз?
Әр топ өздері оқыған әңгіме бөліміне ат қояды. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Әңгіме бойынша жоспар пайда болады.
- Сонымен, бала Бауыржан кішкентай кезінде қандай болды? Дәптерге оқушылар оқығандары бойынша топтау сызбасын жүргізеді.
Тақтада плакат ортасына Бауыржан сөзі жазылады да, оқушылардың жұмысы жинақталады. Әңгімедегі бала Бауыржанның бейнесі шығады. Әңгімені талдау кезінде жеті атаны білу, үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу, жыл қайыру сияқты ғұрыптарға мән беру қажет.

3. Ойтолғау.
Оқушылардың өздері де іштерінен «Мен жеті атамды білемін бе?» деген сауалға тап болады. Ал Отанын сүйген адам Қ. Мырза Әли жазғандай қандай болушы еді? Ендеше, ата - баба өсиеттері мен мақал - мәтелдеріне кезек беріп, оқулық бойынша жұмыс жасау ары қарай жалғасады.
Сабақтары барлық жұмыстар аяқталысымен, кестенің соңғы бөлігі - «Не үйрендім?» бөлігі толтырылады. Ол оқушылардың өздерінің айтуымен жазылады. Яғни балалар бүгінгі сабақта өздері үшін не жаңалық ашылғанын анықтайды. Батырдың өз Отанын жақсы көру сезімдерінен шыққан мақал - мәтелдері де бар екені айтылса, батырдың бойындағы қасиеттері ашыла түсер еді..
Сіз не байқадыңыз? Сабақтың 1 - кезеңінде пайдаланған сызба, кестелерге сабақ соңында қайта айналып келу сабақ мазмұнын, идеясын ашуға, жүйелі жұмыс нәтижесін шығаруға мүмкіндік береді.

Үй тапсырмасы: Бауыржан Момышұлының фотосуреттерін жинап, өсиет сөздерін теріп жазып, альбом құрастыру.
Бағалау
14 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя» повесін оқығандығы туралы не білетіндерін ескере отырып, ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығын талдап шығуға мүмкіндік беру.
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы
Қазақ халқының ұлы қаһарман тұлға Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп таныстыру, «Орыс мектебінде» әңгімесін оқи отырып, батырдың ерлік істерін насихаттау, тіл үйренуге деген талпынысы туралы мәліметтермен бөлсісу
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №146 мектеп - лицейінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Жаныл Байназаровна
Ұшқан ұя Бауыржан Момышұлы
Ұшқан ұя Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту;
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романының үзінді
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романының үзінді
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×