Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романының үзінді

07 шілде 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романының үзіндісіндегі ұлттық тәрбие, өнеге халық даналығы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Бауыржан Момышұлы ұлылығын терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан үлгі алу, Бауыржан шыншылдығының дәрежесінің адамгершілік кемелдігіне тоқталу.
ә) дамытушылық: Топпен жұмыс негізінде оқушының ойлау қабілетін дамыту, өз ойын тұжырымдауға және басқалардың пікірін сыйлауға үйрету.
б) тәрбиелік: Ұлттық тәлім - тәрбие, өнеге, салт-дәстүрді, отанды сүйетін ұлтжанды, парасатты,
сезімтал ұрпақ тәрбиелеу.
Типі: Білім мен дағды, іскерлікті қолдану.
Әдісі: «Әдеби үйірмелер», «Автор орындығы», РАФТ стратегиясы, «Эссе» суретпен жұмыс, әңгімелеу, талдау.
Көрнекілігі: Портрет, слайдтар, сурет, қанатты сөздер.
Пәнаралық байланыс: сурет, әдеп, тарих.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу
2. Үйге берілген тапсырманы сұрап, бекіту
А) Бауыржан Момышұлы өмірі, шығармашылығы «Ұшқан ұя» романының жалпы мазмұны, кейіпкерлері туралы ізденіп мәліметтер дайындау жұмыстары берілген болатын.

Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Бейнеклип « Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлері»

Мұғалім сөзі:
Кіріспе: Оқушылар мына бейнеклипте нені тамашаладық?
Қазақтың аулы. Ата - әжелер жиналып, шілдехана тойын тойлап жатыр. Ауыл ақсақалдары бата беріп жатыр...
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың мақсаты, өткен сабақтағы танысқан Б. Момышұлының «Ұшқан ұя»үзіндісіндегі ұлттық тәрбие, Бауыржан өткен даналық мектебі туралы сөз етеміз.
Мұғалім: Көзінің тірісінде - ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз?
Рас, жау жүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер.

Әрине, қазақ топырағында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болмаған. бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алашты әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл - ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті.
Ендеше, «Бауыржанды Бауыржан» еткен өмір мектебі несімен ерекше?
Бұл сауалдарға жауапты рөлдік ойын арқылы көрсетейік.

РАФТ стратегиясы
Мысалы:
Р - Момыш
А - ХХ! Ғасыр ұрпағына
Ф - өсиет
Т - Отан сүйгіш ұл бол!
Сіздерге алдын – ала үйге өткен сабағымыздағы тақырыптар бойынша тереңдеп зерттеу тапсырмалары берілген болатын, соған орай келесі сөзді баяндау үшін «Автор орындығына» шақырамыз.

Баяндау:
1 Қаһарман батыр - Бауыржан(өмірі туралы)
2. Жазушының шығармалары, еңбектері
3. «Ұшқан ұя» Үзіндісі туралы
Зерттеушілер: Бауыржан қандай тұлға?
Батырдың тегі туралы білеміз бе?
Ұрпақтары кімдер?

Сұрақтар құрастырушылар: 5 сұрақ беріледі.
5 жауап беріледі.
Сілтемелер табушы: «Ұшқан ұядағы» рухани байлық: мақал-мәтелдер, бата сөздер, ұлттық салт - дәстүрлер, ұлттық тәлім - тәрбие туралы ой қозғау.
Бейнелеуші - суреттеуші: «Менің қиялымдағы - Бауыржан»
Сурет салу, суретпен жұмыс
Дәнекер - жазушы Эссе « Ел болам десең, бесігіңді түзе»
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Ақ жүрек болып жолдасың,
адалдық сені қолдасын.
Жақсылық үшін тіресең,
жаныңды арың қорғасын.

Арынды болсын шабысың,
алымды болсын табысың,
Найзадай болсын намысың,
Ер жігітке бәрі сын
Қиындық көрсең, мұқалма,
ауырлық көрсең, жұқарма.
Қамқоршы бол кішіге,
үлкенді үлгі тұт алға!» - деп айтқан бабалар сөзін болашақ өмірімізге өнеге тұтып жүретін еліміздің отан сүйгіш азаматтары сендерсіңдер, жас ұрпақ!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
40 835
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя» повесін оқығандығы туралы не білетіндерін ескере отырып, ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығын талдап шығуға мүмкіндік беру.
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата - бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Қазақ әдебиетінен сабақ топтамасы
Қазақ әдебиетінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы "Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі" КММ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Асем Жаксыбаевна
Ұшқан ұя Бауыржан Момышұлы
Ұшқан ұя Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×