Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан Момышұлы

28 қаңтар 2018, Жексенбі
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың атауы: Грамматика. Бауыржан Момышұлы.
Орыс мектебінде.
Жалпы мақсаты
Білімділік: Қазақ халқының ұлы қаһарман тұлға Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп таныстыру, «Орыс мектебінде» әңгімесін оқи отырып, батырдың ерлік істерін насихаттау, тіл үйренуге деген талпынысы туралы мәліметтермен бөлсісу арқылы, өз бетімен ізденіп оқуға, ойларын еркін айтуға үйретуге жағдай туғызу;
Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың ой - өрісін байыту, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету. Оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
• Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.
• Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой - пікірін білдіре алады.
• Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, бірге қорытынды жасайды.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Бауыржан Момышұлының ерліктерімен танысып Отанға деген сүйіспеншілікті ұлттық психология тұрғысынан салыстырады.
Сабақтың әдіс - тәсілдері
1. Оқулықпен жұмыс
2. Жұппен жұмыс
3. Топтық жұмыс
4. Постер қорғау
5. «Бағдаршам» әдісі

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу, түгендеу;
ә) сынып тазалығына көңіл бөлу;
б) сыныптың ахуалын қалыптастыру
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Қайырлы күн, жер ана,
Қайырлы күн, көк аспан
Қайырлы күн, маған
Қайырлы күн, саған
Қайырлы күн, балалар
Қайырлы күн, мұғалім!
Бір - біріне бақыт тілейді.

1 - әрекет. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (1, 3, 4 - модулдер):
а) Грамматиканы қайталау
1. Есімше дегеніміз не?
2. Есімше нешеге бөлінеді?
3. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Ә) Мұзафар Әлімбаев кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Балалар әдебиетінің атасы кім?
Б)«Он саусақ» өлеңін сұрау.

2 - әрекет. Жаңа білімді игеру. (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 - модулдер):
Эпиграф:
«Батырым, Бауыржаным,» - дейді халқым
Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын,
Келешек келе жатыр көремін деп,
Тік басып туған жерде жүрген қалпын»
Қ. Аманжолов
Бауыржан Момышұлы туралы интерактивті тақтадан слайдтар көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
1. Өмірбаяны: Презентация
Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бейбіт өмірде жазушы болып екінші ерлік жасаған Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш. Шешесі – Рәзия. Отбасында 4 қыздан кейін Бауыржан дүниеге келіпті. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде бір жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, интернатта жатып, үш жыл оқып, бастауыш мектепті бітіреді.
1928ж - мұғалім болды
1932ж - армияға шақырылды
1936ж - Ленинград финанс академиясын бітірді
1941ж - 316 - атқыштар дивизиясының құрамына қабылданады
1941 - 1945 - Панфилов атындағы 8 - гвардиялық дивизияны басқарады.
1952ж - Жоғары әскери академиясын бітіреді.
1950 - 1956жж - Жоғары әскери академиясында сабақ береді
Демалысқа шыққан соң - жазушы болды.
Шығармалары: «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья»
«Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы, «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т. б.

Пән мұғалімі: Шынәділова Камшат Әтірбекқызы
2 653
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2 - сағат)
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2 - сағат)
Бауыржан Момышұлының тұлғасы, қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Оқушыларды алған жаңа материалдары бойынша жұмыстану дағдыларын қалыптастыру;
Батырмен кездесу
Батырмен кездесу
Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, мәтінді түсініп оқуға төселдіру. - Қазақ халқының Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолдары, ерлік күресі, халқының
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебі. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Бауыржан Момышұлының өз бейнесі, батырлық тұлғасы
Бауыржан Момышұлының өз бейнесі, батырлық тұлғасы
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×