Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асқар Тоқмағамбетов "Бидай мен қаңбақ"

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2
Мұғалімі: Түменбаева Құндызай Найманбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов. Бидай мен қаңбақ
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын тауып, өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету.
2. Ой - өрісін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.
3. Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, А. Тоқмағамбетовтің, бидай мен қаңбақтың суреті, сөзжұмбақ, суреттер мен сұрақтар жазылған слайдтар.
Сабақтың әдісі: ой толғау, түсіндіру, ассоциация, өзіндік жұмыс.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқу құралдарын дайындау.
2. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
- Балалар дүниедегі ең ақылды, ең күшті кім? ( Адам )
Мен сендерге де ең күшті, ең ақылды адам болуларыңызды тілей отырып,
бәріңнің де бүгінгі сабаққа жақсы атсалысады деп ойлаймын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген Жеңіс Қашқыновтың « Ұнатам күзді мен» өлеңін оқыта отырып өз ойларын айтқызу. Қосымша сұрақтар қою арқылы сұрақтар беру. 1. Даланың түсі қандай? 2. Алма қалай піседі? 3. Аспанды не қаптады? 4. Жел қандай? 5. Тырнасы қайткен? 6. «Күз» өлеңімен «Ұнатам күзді мен» өлеңінің ұқсастығы, ерекшелігі неде? 7. Күздің басқы және соңғы кездерін қай өлең - нен байқайсың? 8. Өлең сендерге қандай көңіл күй туғызды?

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы табу.
(Сабақ барысында барлық жұмысты слайд арқылы көрсету.)
---е ң Б е к
---і л И я с
-------Д у л а т о в
-----қ А ң б а қ
---Б а Й л ы қ
1. Адамдар әрқашан не істеу керек?
2. «Күн шыққанда» өлеңінің авторы кім?
3.«Байлық» мәтінінің авторы кім?
4. Ұшарын жел, қонарын сай білетін шөп?
5. Денсаулық зор... (байлық)

2. Бүгінгі өтетін өлеңіміздің шешуін жұмбақ шешу арқылы табайық.
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. ( Бидай )
2. Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. ( Қаңбақ )

3. А. Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мәтіні мысал өлең түрінде берілген. Бұл өлеңнің авторы өзіміздің жерлесіміз. Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Қазір Сырдария ауданы деп аталады.
Қаламызда бұл кісінің атында үлкен мәдениет үйі бар. Біздің облысымыздан көптеген ақын жазушылар шыққан. Олар З. Шүкіров, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Тәжібаев т. б. (суреттерін слайдтан көрсету ) Асқар Тоқмағамбетов атамыз көптеген әңгімелер, өлеңдер, сықақтар, мысал өлеңдер жазған, соның бірі бүгін, біз өткелі тұрған «Бидай мен қаңбақ»

ІҮ. Оқулықпен жұмыс
1. Мысалды мәнерлеп оқып беру.
2. Оқушыларға рөлге бөліп оқыту. Оқыған оқушылардың басына кейіпкерлердің бет бейнесін кигізу.
3. Сұрақтармен жұмыс.
Төменде берілген жолдар мысалдағы қай кейіпкерге қатысты екенін айтқызу: Бидайға ма, Қаңбаққа ма?
Онда қандай салмақ болсын!
«Уф» десе ұшасың,
«Суф» десе қонасың.
Ұшарыңды жел біліп,
Қонарыңды сай біліп,
Сайран салып жүргенің.
Көктемде шығып,
Күз болса бұғып.
Жиғанымыз дән,
Абырой да, даңқ та,
Ерлік те, жеңіс те –
Барлығы осы егісте.
- Қаңбақ бидайға не деп тіл қатты? - Қаңбақ бидайдан қандай жауап
алды? - Дұрысын айтқан бидай ма, қаңбақ па? - Бидай бізге не үшін керек? - Қаңбақ не?

Ү. Топпен жұмыс
Тапсырма: Топ басшыларына.
І – топ: Өлеңнің мазмұнын айту.
ІІ – топ: Өлеңдегі негізгі ой не?
ІІІ – топ: Бидай қандай адамға ұқсас? Қаңбақ қандай адамға ұқсас?
ҮІ. Ой толғау
Бүгінгі сабақта білгендерін, бұрыннан білетіндерін жинақтау. Әр топқа парақтар таратылып беріледі. Маркердің көмегімен ассоциация құрады.
І – топ:
Күз
ІІ – топ:
Бидай
ІІІ - топ:
Қаңбақ

ҮІІ. Дәптермен жұмыс
Жұмбақты жазып шешуін табу.
ҮІІІ. Қорытынды
Оқушы білімін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма
1. Әр топқа тапсырма беру. 1. Өлеңнің толық мазмұнын айту. 2. Нан қалай жасалатынын айту. 3. Өмірде Бидай мен Қаңбаққа (ұқсас адамдар болатынын айту) сипаттама жазу. 4. Нан қалай жасалатынын айту.
2. Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқып келу.
30 474
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
Бидай мен қаңбақ мысалының мәнін терең түсінуге, өлең кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге, өзіндік ой қорытындысын жасай білуге, ойын жүйелі жеткізуге үйрету.
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңдегі негізгі идеяны айта білуге үйрету.
Асқар Тоқмағамбетов «Бидай мен Қаңбақ» (мысал)
Асқар Тоқмағамбетов «Бидай мен Қаңбақ» (мысал)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джумабекова Маруза Сарсенбаевна
Асқар Тоқмағамбетов "Бидай мен Қаңбақ"
Асқар Тоқмағамбетов "Бидай мен Қаңбақ"
Қызылорда қаласы, №172 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова Гүлнар
Түлкі мен тиін
Түлкі мен тиін
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Адилханова Жамила
Бидай мен қаңбақ
Бидай мен қаңбақ
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×