Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түлкі мен тиін

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі пәнінен ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен тиін» (Ә. Асылбеков)
Сабақтың мақсаттары:
1. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын тауып, өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету;
2. Ой - өрісін дамыту, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету;
3. Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбтелеу, адамгершілік қасиеттерге баулу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы түлкі мен тиін бейнеленген мурет салынған плакат. тапсырмалар жазылған қағаздар, маркерлер т. б
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың құрылымы:
І. Қызығушылығын ояту
1) Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Көз не үшін керек?
Оқушылар: Жақсыларды көру үшін
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: Ақыл кеңес тыңдау үшін
Мұғалім: Екі қол не үшін керек?
Оқушылар: Елге көмек беру үшін
Мұғалім: Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушылар: Шетте жүрсең туған жерге жету үшін
Мұғалім:- Дұрыс балалар, отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарыңмен аяқтарыңа саулық тілеймін.
- Балалар, орманда жүретін қандай аңдарды білесіңдер?
- Қасқыр, арыстан, түлкі т. б.
- Дұрыс айтасыңдар. Жан - жануарлардың ішінде қулығымен танымал қандай аң?
- Түлкі.
- Дұрыс айтасыңдар. Ағаштың діңіне ұя салып секіріп жүретін, ешқандай зияны жоқ аң туралы білесіңдер ме?
- Ол тиін.
- Дұрыс. Олай болса, біз бүгін түлкі мен тиін жайлы өлеңді өтеміз.
- Суреттен көріп тұрсыңдар?
- Түлкі, тиін, ағаш, дала.
(Сабақ тақырыбын хабарлау)
Өлең авторы Ә. Асылбеков. Автор жайлы тоқталып өту

ІІ. Мағынаны тану
1. Өлеңді өзім мәнерлеп, түсінікті етіп оқып беремін.
2. Оқушыларға оқыту.
3. Рольге бөліп оқыту
4. Сұрақтармен жұмыс.
Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді?
Тиін оған қалай жауап тапты?
Сол сәтте қандай жағдай болды?
Қай аңның айласы басына түсті?
5. Өлеңнің толық мазмұнын айту
6. Өлеңдегі негізгі ой не?
Мақтаншақтық әдеттен аулақ болу.
7. Топпен жұмыс(3 топ басшысы ортаға шығып, 1 карточкадан алады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 133
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі мен тиін
Түлкі мен тиін
Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру, өлеңнің мағынасын түсіндіріп, рөлге бөліп оқыту, Түлкі мен Тиінге мінездеме беру.
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңдегі негізгі идеяны айта білуге үйрету.
Түлкі мен тиін
Түлкі мен тиін
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, «№ 122 жалпы орта мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Болатбаева Фарида Абатханқызы
Асқар Тоқмағамбетов "Бидай мен қаңбақ"
Асқар Тоқмағамбетов "Бидай мен қаңбақ"
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Түменбаева Құндызай Найманбайқызы
Мысық пен тышқандар
Мысық пен тышқандар
Бастауыш сынып мұғалімі: Ауданбаева Лаззат
"Түлкі мен Тиін" Ә. Асылбеков
"Түлкі мен Тиін" Ә. Асылбеков
Қарғалы ауданы, №2 Бадамша орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Турмагамбетова Жадыра Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×