Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасым Аманжолов "Көктем"

05 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем
Сабақ мақсаты:
• Қасым Аманжолов Өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мәнін ұғындыру.
• Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту.
• Табиғатты аялай білуге, таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.
І. Бағалау. – Мотивациялық кезең.
Психологиялық сәт.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетеді сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қазір сендер 3 топқа бөлініп отырасыздар. Ендеше үш топқа үйге қандай тапсырмалар берілді?
- 1 - топ. – «Бәйшешек». Эссе жазу, гүлдер туралы.
- 2 – топ. – «Жауқазын». Гүлдер туралы өлең шығару.
- 3 – топ. – «Қызғалдақ». Гүлдің суретін салу.

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
Балалар, бәріміз тақтадағы сөзжұмбақты шешеміз.
Мына суреттердің басқы әріптерін алсаңдар сонда сөз шығады.
Күн, демекші, көкек, ту, ешкі, мысық («Көктем» сөзі шығады)
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктем.
Топтастыру.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысу.
Қасым Аманжолов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс болады. Оны анасы Айғанша 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепте, 1927 - 1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1931 жылы Ленинград қаласында орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Денсаулығы жарамағандықтан оқуды тастап, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істейді. 1933 жылы Алғашқы өлеңдер жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көреді. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Орал қаласында әскери білімде қызмет атқарады. 1935 жылы Алматы қайтып келіп «Лениншіл жас» газетіне орналасады. Осы кезеңнен бастап оның қаламгерлік дарыны ашылып шығармашылықпен айналысады. Көп оқымаса да зеректігінің арқасында қазақша да, орысша да бірдей жазады. Аманжолов ақындығының үстіне композитор да. Оның «Дариға, сол қыз», «Туған ел» сияқты өлеңдерінің сөзі де, музыкасы да өзінікі. Майданнан еліне оралған ақын сүйген қызы Дарианы іздейді. Соғыстан қайтып келгеннен кейін қатты ауырып содан айыға алмай өмірден өтеді. «Ақын», «Қазақстан», «Сауыншы жеңгей» деген өлеңдерінде еңбек адамдарын биікке көтере жырлайды.
Оқулықпен жұмыс.
А) Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ә) Өлеңді тізбектей оқыту.
Б) Өлеңді талдау. (Өздеріне ұнаған шумақтарын оқыта отырып талдау)
Дәптермен жұмыс.
Өлеңдегі көркем сөздерді тауып, дәптерге жазып алу.
Мысалы, нәзік үн, бұйра бұлақ.

Сергіту сәті
Шығармашылық тапсырма
Музыка ойнап тұрады.
1 - топ. Көктем туралы эссе жазу.
2 - топ. Көктем жайлы 4 жол өлең құрастыру.
3 - топ. Көктемнің суретін салу.
«Қалт еткізбей қағып ал.
Жауабын тез тауып ал».
Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
Жұмбақтар жасыру.
1 - топ. Ала сиыр жатып қалады,
Ақ сиыр тұрып кетеді. (Көктем)
2 – топ. Тұрғанымен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ өзі. (Күн)
3 – топ. Мені күтіп ел тілер,
Келсем неге келді дер. (жаңбыр)
Үйге тапсырма: Көктем өлеңін жаттау. Көктемнің суретін салып келу.
Бағалау
4 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжоловтың поэзиясының ерекшелігін, «Дүниеге жар» өлеңінің идеясын таныту, мән - мағынасын ашу. Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру.
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×