Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі пәнінде ойын технологиясын қолдану

12 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі пәнінде ойын технологиясын қолдану

Қазақ тілін үйрену мен үйретудің қаншалықты маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі - ақ көрсетіп отыр. Әрине, мектептегі оқу - тәрбие жұмысына тілді үйретудің, үйренудің сан қилы тәсілдері мен әдістері қолданылып жатса, соның бәрінен қайткенде тілді тез әрі сапалы игереміз. Сонымен бірге сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға және тағы басқа қабілеттерін дамыту арқылы сабақты сапалы түрде меңгертуге әкеледі.

Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін - өзі басқаруын жетілдіретін іс - әрекет. Әр сабақтың алдына қойған міндет - мақсатына орай оның ішкі құрылысы да белгілі оқушыға әрдайым жаңалық білдіруге, жаңа материалды жеке түсіндіріп, саналы түрде меңгертуге оны пысықтап, бекітуге бағытталуға тиіс.

Жас жеткіншек үшін сабақ барысында көп нәрсені айта беру балаларды жалықтыратын жағдай екені анық, осы орайда ойын үлгілерін пайдалана отырып сабақты жүргізу мұғалім қауымы үшін өте тиімді әдіс.

Ұлы педагог В. А. Сухомолинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл - ойы, парасатты ұлттық салт - сананы сіңіру арқылы баи түседі. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделік тіршілік етуі әр түрлі. Іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы - ойын әрекеті. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім - тәрбиелік психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл - ойы дамып, өзін қоршаған ортаны тани біледі.

Ойын мектеп қатарындағы балалар үшін де жат жағдай емес. Жалпы бала өмірде ойын арқылы есейді, ойын ойнау бала өмірінің ең қызықты кезеңі деуге де болады. Соған сай балалардың өз жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар легін таңдап алуға болады.

Сабақ үстінде өткізетін ойындардың өткізу түрі:
1) жалпы
2) топтық
3) жекелей

Сабақты өткізу барысында ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігі артады мен және бір - бірімен тіл табысып, ұғынады. Ептілікті, тапқырлықты үйренеді. Ойын түрлерін сабақтың әр кездерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданылып отырады. Ойынды әр сабақта пайдалану міндетті емес. Ойын түрлері сабақты қызықты өткізуге, оқушылардың сабаққа ынтамен қатысуына, өз бетімен жұмыс істеуіне, өздігінен қорытынды жасауына жол ашады.
Осы орайда мысалы мына ойындарды көрсетуге болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 102
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу.
Қазақ тілін қазақ топтарында оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері
Қазақ тілін қазақ топтарында оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа түсінікті және қазақ тілін оқытудың мақсат - мүддесін айқындайды. Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі: Батимова Гүлжайна
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×