Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру

10 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру (презентациясымен)

Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. « Ұрпағы білімді халықтың тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән - мағыналы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең - кезеңмен іске асыруды ұсынды.

“Үш тұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.

Мемлекет басшысы бұрнағы жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін алға қойып отыр.
Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым - қатынасымыз күннен - күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты тіл үйренушілерді шет тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында қолдануды басты міндет деп біледі. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі – мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту.

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын білу аса қажет. Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдық – тақырыптық негізінде сөз іріктеледі. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез келген грамматикалық формада қолдана алуы қажет. Мысалы: оқы, оқып отыр, оқыған, оқиды т. б. мысалда олар әртүрлі грамматикалық формада беріліп тұр.

Әрине, сөздік жұмысы арнайы сабақ болып өтілмейді. Ол біздің әрбір сабағымыздан орын алады. Сондай – ақ, сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен ұғымдарды түсіндірумен ғана шектелмейді. Оқушының сөздік қорын қалыптастыруға байланысты мынадай мақсаттар қойылады:
1. Әр сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни оқушының сөздік қорын дамыту.
2. Оқушыны сөзді тыңдауға жаттықтыру.
3. Оқушы меңгерген сөздерімен сөз тіркесін, екі – үш сөзден тұратын сөйлем құрай алатын болуға тиісті. Бұл сөйлеуге, сөйлесуге үйрету үшін қажет.
4. Ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыру керек.
5. Оқушыларға қысқа өлең, тақпақ, мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттап үйрету керек. Оның ағылшын тіліндегі дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктеріне тілдерін жаттықтыруда үлкен пайдасы бар.
Мысалы,

1. Many hands make light wok.
Көп түкірсе, көл болады.
2. Too many cooks spoil the broth.
Қойшы көп болса, қой арам өледі.
3. Make hay while the sun shines.
Қыстың қамын жаз ойла.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 102
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Үштілділік - рухани жаңғыру
Үштілділік - рухани жаңғыру
Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір - бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,- деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен.
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» Білекке сенген заманда Ешкімге есе бермедік. Білімге сенген заманда, Қапы қалып жүрмелік
Критериалды бағалау – оқушы білімін бағалаудың сапалы көрсеткіші
Критериалды бағалау – оқушы білімін бағалаудың сапалы көрсеткіші
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №7 негізгі мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баяқова Қуаныш Темірбекқызы
We learn English
We learn English
to develop pupil’s interest in the subject of English, to widen pupils scope (country knowing) according to the intercommunication by subjects: Russian, Kazakh.
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×