Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аялайық ананы!

30 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Аялайық ананы»
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
Тәрбие сағат барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
Ананың сүті – бал, Баланың тілі – бал. Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы. Ана – үйдің берекесі, Бала үйдің – мерекесі. Ана сүтін ақтамағанды, Ешкім мақтамайды. Ана – өмір себуші. Қыз ақылы анадан. Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып,
Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
1 – бөлім. Көрініс "Ата мен бала"
Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты. Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Автор: Патшаға абыз қария келеді.
Қария: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!
Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?
Хан: Өнеріңді көрсет.
Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.
Автор: Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Асия: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім? Бәрі:- Ана.
Асия: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім? Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Асия: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.
Ерсұлтан:«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

Гаухар: Жан ана, құттықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Жұлдыз: Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.

Әлпештеген баласын,
Ана бақыт – ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!

Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиған,
Дүниенің ардақтысы анам екен.

Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам.
Хор ән "Құттықтаймын мама туған күніңмен"

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Ана – бақыт, ана күн,
Ана – өмір тірегі.
Ана – өмір себуші,
Ана – сарқылмайтын бұлақ.
ІІ бөлім. Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,
Көкжиектен таң сайын асықты Күн.
Келді тағы көктемнің мерекесі
Дидарыңа шуағын шашып бүгін
Дей келе мерекелік ән – шашу.
Ән: «Аяулы анашым»
Би: «Бипыл»
Ана туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Қорытындылау: Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!
5 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ана - өмірдің гүлі
Ана - өмірдің гүлі
Ана - өмірдің гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Ана жайлы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, еңбектерін ақтауға, аналарға балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу. Ана еңбегін кадірлеуге,
Аялайық ананы!
Аялайық ананы!
СҚО, Айыртау ауданы, Бірлестік ОМ - нің бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Баршын Жылқайдарқызы
« Аяулы - анашым»
« Аяулы - анашым»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С. Тақырыбы: Аяулы – анашым. Мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Анаға деген махаббатын ояту. Баланы бойындағы өнері мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×