Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлдилеген әлемді бесігімен...

26 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Астана қаласы, №68 орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Есенбаева Роза Түзелбайқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: “Әлдилеген әлемді бесігімен....”

Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Ана жайлы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау.
2. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, еңбектерін ақтауға, аналарға балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу.
3. Ана еңбегін кадірлеуге, құрметтеуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының өтілу барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Кеш қонақтары мен ардақты аналарымыздың, оқушылардың назарын мерекелік көңіл күйге аудару.
Кіріспе: “Әйел - Ана” ертегісінен үзінді тыңдау

II Негізгі бөлім:
1. Ана біз үшін кім? (тірек - сызбамен жұмыс)
2.“Менің анам - мен үшін...” (оқушылардың пайымдаулары мен ой - пікірін тыңдасақ...)
3. Той пердесін ашайық,
Аналарды құрметтеп
Ән мен жырдан шашу шашайық!

III Қорытынды бөлімі.
Анамызға сыйлық...
(Балалар аналарына арнап өздері жазған эссе - ойтолғауларын оқиды, тарту етеді)

1 - жүргізуші: Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол баланы өмірге әкеледі, тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұры мен ананың ақ сүтінен дариды.

2 - жүргізуші: Ана - ұлы адам. Ана - құдіретті жан. Ендеше, бүгінгі мерекелеріңіз, аналар күні құтты болсын!

1 - жүргізуші: Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек, жүрегімізде сүйікті анаға деген махаббат сезімі оянады. Ананың мейірімі шексіз.
2 - жүргізуші: Баланың тілі шыққанда - ақ ең алғашқы сөзін “ана” деп айтады. Өмірдің есігін ашқанда да ең алғаш өзінің жан анасын көреді.

1 - жүргізуші:
Ана - өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

2 - жүргізуші:
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін!

Менің анам – мен үшін...
(оқушылардың пайымдаулары мен ой - пікірімен бөліссек)
Минаш: Ана - бала үшін өмірдегі ең қымбат жан.
Айым: Ана өзінің балаға деген мейірімі мен махаббатын, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп асырайды.
Аружан Т: Әр ана баласын дені сау, жақсы азамат болса екен деп арман етеді.
Анель: Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
Жұлдыз: Сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының титтей қуанышын, бар болмысын да сезеді.
Мәншүк: Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың деген даналық сөз дәл айтылған.
Аяжан: Ана! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп тамырында қаншама ұлы сезім жатыр десеңдерші!
Аружан: Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы сезімді қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 419
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ана махаббатымен әлем тербелген...
Ана махаббатымен әлем тербелген...
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы
Бала – адамның бауыр еті (ата – аналармен тренинг)
Бала – адамның бауыр еті (ата – аналармен тренинг)
Отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу. Балаларға адамгершілік тәрбиесін бере отырып, оларды өзін - өзі тәрбиелеуге,
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Муканова Манат Умиржановна
Ана - өмірдің қуанышы, тірегі
Ана - өмірдің қуанышы, тірегі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мустафина Ж. К.
Ақ жарқын-жан анам (тәрбие сағаты)
Ақ жарқын-жан анам (тәрбие сағаты)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласының № 18 орта білім беретін мектептің мұғалімі Бейсенова Анар Анешевна
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гүзал
Гүзал Қолданушылар 26 ақпан 2019 22:27
0
керемет рахмет көп-көп
×