Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығар

03 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар» математикалық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: Жарыс сабақ
Әдістері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік,
Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер
Сайыс сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
Ойын - сайысты бастаймыз
Бүгінгі “Тапқыр математик ” сайысымызға
Қош келдіңіздер
Жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,» - деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:
1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)
2 «Кім жылдам?»
3. "Сандар сыры" 4. «Ойлан, тап!»
5. Жұмбақ есептер
6."Бәйге"
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:
І топ: «Алғырлар» тобы
ІІ топ: «Тапқырлар» тобы
Бағдарлама бойынша
І кезең «Кел танысайық»
1 - топ: « Алғырлар» тобы
Топ басшысы: Туреханов Айдос
Біздің ұран: « Білімді мыңды жығар, Білекті бірді жығар»
2 - топ: « Тапқырлар» тобы
Топ басшысы: Ермекбаева Аяулым
Біздің ұран: « Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
2 кезең «Кім жылдам» (логикалық тапсырмалар)
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.
Әр топ мүшелері ұяшықтарды таңдайды, сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
1 топ
1. Екі сиырдың мүйізі нешеу? (4)
2. Бір мысықтың аяғы қанша? (4)
3. Бір балық, екі ешкі, үш үкі, төрт түлкі, алты арғымақ. (16)
4. Ыдыста 9 тоқаш, 3 өрік және 5 құрма бар. Ыдыста барлығы неше жеміс бар? (17)
5. Менің атым – Гүлнұр. Менің інімнің бір әпкесі бар. Оның аты кім? (Гүлнүр)
6. Інісі 5 жаста, апасы 8 жаста. 10 жылдан кейін апасы інісінен неше жас үлкен болады? (3 жас)
7. Бес балаға бір алма себетте қалатындай етіп қалай бес алманы бөлу керек. Ол қалай?
8. Ондықтарды тура сана
9. Уақыт өлшемі (сағат)
10. 60 санында неше ондық, неше бірлік бар?(6 онд 0 бірл)
11. 100 пен 20 санының айырмасы (80)
2 топ
1. Бөлмедегі үстелдің жанында 6 орындық бар еді. Екеуін терезеге қарай жылжытты. Бөлмеде неше орындық болды? (6 )
2. Қарындасы 2 - де болғанда, ағасы 5 - те болды. Ағасы 8 - ге келгенде қарындасы нешеде болады?(5 жаста)
3. Бес қойдың басы нешеу? (5)
4. Үш адамның қолы нешеу? (6)
5. Бес баланың аяғы нешеу?(10)
6. Бір әкенің 6 ұлы бар, әр ұлдың 1 қарындасы бар. Әкеде барлығы қанша бала бар? (7)
7. Қарағайда 40 апельсин пісті, олардың 10 түсті. Неше апельсин қарағайда қалды? (30)
8. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды. (15)
9. Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)
10. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
(3мин)
3 кезең «Сандар сыры»
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге көшейік.
Мұнда сандардан құралған мақал - мәтелдер беріледі. Мақал - мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады)
1 топ
1) Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас.)
2) Бес бармақ жиналса, (жұдырық болады.)
3) Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге жетеді. )
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5) Жүз сомын болғанша, (жүз досын болсын. )
2 топ
1) Бір тал кессең, (он тал ек.)
2) Бес саусақ (бірдей емес.)
3) Жігітке жеті ( өнер де аз.)
4) Жеті атасын білмеген ұл (жетесіз.)
5) Бір кісі қазған құдықтан (мың кісі су ішеді.)

4 кезең "Ойлан тап" (Әр топқа математикалық оқулар беру)
1 топ
Т+10=
6+ Н=
7+ К=
100+ІМ=
К+2+Л=

2 топ
3+ кір=
5+ ік=
с +10+а=
қ +10+ақ=
8+ көз =
5 кезең "Жұмбақ есептер"
1 топ
Көлден ұшты қаз 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады сонда нешеуі
Кәне кім тез табады? ( 5)
10 алманы бақтағы
Кірпі алып жинады
Ең әдемі екеуін
Ақ тиінге сыйлады (8)

2 топ
Аулада 3 үйрек
Қорада 1үйрек
1 үйрек тығылды
1 үйрек жығылды
6 кезең « Бәйге» қорытынды кезең
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына – дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді.
1 топ
1. Қосуға кері амал?
2. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді )
3. 1м - де неше см бар?/100/
4. Наурыз мейрамы қай күн?
5. Ең үздік баға? (5)
6. Қай жылы тудың?
7. Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады / мысық/
8. Сабағымыз нешеде басталады/8. 30/
9. Қай мектепте оқисың? (1 )
10. Отбасыңда қанша адам бар?(11)
2 топ
1. Азайтуға кері амал (қосу)
2. Жүзде неше нөл бар?/2/
3. 10 онд =100
4. 50 мен 20 ның қосындысы нешеге тең? (70)
5. 1 дм қанша см бар? /10см\
6. Аналар, қыздар мерекесін қай күні тойлаймыз / 8наурыз/
7. 1 жылда неше ай бар /12 ай/
8. Ең нашар баға?
9. Туған күнің қай күн?
10. 5 сыныпта жасың нешеде болады? ( 10 жаста)
Жүргізуші:
- Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек. Оқушыларды грамотамен марапаттау.
Математика - толған тәртіп, мағына мен мән
Математика - толған тамаша заңдылық пен сән
Математика - толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.
тест
1. Дұрыс жазылған теңсіздікті тап
а) 6 >8 ә) 9 >4 б) 5=7
2. Мәні дұрыс жазылған өрнекті тап
а) 70 - 50 = 20 ә) 50+40= 80 б) 30+40= 70
4 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Ойла. Сана. Епті бол
Ойла. Сана. Епті бол
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту. Қиялын ұштап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×