Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойла. Сана. Епті бол

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ойла. Сана. Епті бол математикалық сайыс. (4 - сынып)
Мақсаты:
- Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту.
- Қиялын ұштап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Дидактикалық ойындар, логикалық есептер арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу, тапқырлыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу.
Көрнекілігі: слайд, дидактикалық ойындар,
Барысы:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 4 - сынып оқушыларымен «Ойла. Сана. Епті бол» математикалық сайысын өткізгелі отырмыз. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет. Әр дұрыс айтылған жауаптарға бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ жеңіске жетеді. Сендердің білімдеріңді саралайтын әділқазы алқасын сайлап алайық.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Білім деген биік шың,
Білім деген ақылшың,
Бақытқа сені жеткізер.
Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтелік:

1. «Кім шапшаң?» геометриялық фигуралардың аттарын табу.
2. «Сиқырлы сандық» логикалық есептер шығару.
3. «Есепке кім жүйрік?» қазақ халқының байырғы қара есептерін шешу.
4. «Қас - қағым сәт» - сұрақ - жауап
5. «Кім тапқыр?» Ребус шешу, суретті табу.
6. «Ой жүйрік» жұмбақтар шешу.
7. «Дарындылар додасы» - топ басшысына тапсырма
- Ендеше, сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық, өздерін таныстырып өтсін.
Озып шығып бәйге аламыз,
«Ойшылмыз» деп айта аламыз.
Есептейміз, санап, ойлап.
Дарынды бала атанамыз.

Мақтанбаймыз «білгірміз» деп,
Таудай бірақ талабымыз.
«Білімділер» деп аталып,
Жүйрік болып таныламыз.

І. «Кім шапшаң?» геометриялық фигуралардың аттарын табу.
«Ойшылдар» тобы
ендікс – кесінді
ешбрең - шеңбер
шұршүыб - үшбұрыш

«Білімділер» тобы
ұтрбыөшрт - төртбұрыш
ршашы - шаршы
уеслә – сәуле

ІІ. «Сиқырлы сандық» - логикалық есептер шығару.
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз, - деп, білім сайысында логикалық есептер шығарамыз.

«Ойшылдар» тобы
1 - тапсырма Данада 12 алма бар. Ол бірнеше алма жеді, онда тағы 9 алма қалды. Қанша алма қалғанын қай жауап көрсетеді?
А. 12+9
В. 9= 12+
С. 12 - =9
D. 9 - =12
2 - тапсырма
4 * =28 Теңдік дұрыс болу үшін қандай санды шектеудің ішіне жазуға болады? Жауабы:

3 - тапсырма.
Маржан Атабай қаласына шығып, 2 сағат бойы бірқалыпты жылдамдықпен жүріп отырды. Ол жол белгісіне жетті. Маржан Қарасай қаласына қарай сол жылдамдықпен жүруін жалғастырып келеді. Жол белгісінен Қарасай қаласына дейін жету үшін, Маржанға қанша уақыт қажет?
А. 1 сағат 30 минут
В. 2 сағат
С. 3 сағат
D. 3 сағат 30 минут
«Білімділер» тобы
1 - тапсырма
Талғатта 6 карточка бар: 8, 4, 9, 5, 1, 3 Ол карточкалармен қандай ең кіші 3 таңбалы санды құрастыра алады? Ол әр карточканы бір рет қана пайдалана алады. Жауабы: _______________
2 - тапсырма
Кестеде берілген азық - түліктер 6 адамға құймақ жасау үшін қажет. Сара 3 адамға құймақ жасағысы келді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 033
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, дағдыларын жетілдіру. Дидактикалық, логикалық т. б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу.
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Қызықты математика
Қызықты математика
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Ең кішкентай математик
Ең кішкентай математик
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×