Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы тапқырлар

18 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Озық ойлы тапқырлар
Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекіліктер:
Сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, мультимедиялық проектор
Түрі: Топтық сайыс
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (тақтада тапсырма беріледі)
4. «Білім арқан» сайысы ( әр топқа алгебра және геометрия пәндерінен бір тақырыпта формулаларды құрастыру)
5. Шығармашылық жұмыс ( өлең шумақты өз ойларымен жалғастыру)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
4. Математиканың өз тілі бар – ол формула. (Софья Ковалевская)

Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
Қайырлы күн қадірменді ұстаздар мен жарысқа қатысушы оқушылар! Бүгінгі «Озық ойлы тапқырлар» атты 9”А” және 9”Б” сыныптары арасында өткізілгелі отырған математикалық жарысына қош келдіңіздер! Бүгінгі жарыс топтық сайыс түрінде өтеді.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
----------------------------------------
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар - деген. Бүгінгі жарысымыздың 9 А сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан және 9 Б сыныптың алғырларынан құралған топтарға қошемет көрсетіп қояйық.

Бүгінгі жарысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең. Тапқырлық сайысы «Жорға».
2 кезең. Біліктілік сайысы.
3 кезең. «Білім арқаны»
4 кезең. Шығармашылық кезең.

Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып математикалық жарысымызды бастаймыз. Жарыстың алғашқы кезеңі «Жорға», әр топқа 15 сұрақтан беріледі. Уақыт шектеулі. 5 минут ішінде 15 сұраққа жауап беру қажет. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
(слайд 3: екі стереометриялық дене берілген. Әр топ осы екі дене ала отырып ондағы сұрақтарға жауап береді)

«Параллелепипед» стереометриялық денеде берілген тапсырмалар:
1. Екі қабырғасы тең үшбұрыш (тең бүйірлі)
2. Жазықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
3. Қарама - қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыш (параллелограмм)
4. Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)
5. Барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед (текше)
6. Геометрияның жазықтықтағы зерттейтін бөлімі (планиметрия)
7. - дің мәні неге тең? (3, 14)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×