Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Туған еліме" Сұлтанмахмұт Торайғыров

14 маусым 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Туған еліме. С. Торайғыров

Мақсаты: Туған жерін, елін, Отанын әр адам қадірлей білуге, өз жерін сүюге үйрету. Өлеңдегі негізгі ойды анықтау.
Міндеттер:
Білімділік: Өлеңдегі негізгі ойды анықтау, өлеңнің ұйқасын табуға үйрету. Қара сөзбен мазмұндау, өздігінен тұжырымды ой айту С. Торайғыров туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Туған елін сүюге, жерін, Отанын қастерлеуге үйрету.
Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Дамытушылық: Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту.
Сабақ әдісі, түрі: топтастыру, сұрақ жауап, Блум таксономиясы, әңгімелеу көрнекілік, бағалау, алты қалпақ, түсіндіру, талдау.
Көрнекілік: қалпақтар, интер тақта, бағалау тақтасы, орындық, парақшалар, стикерлер,

Сабақтың жүру барысы:
Психологиялық дайындық
(шеңбер бойынша тұрып сәттілік тілейміз ) 3 топқа бөлінеміз: Елім, Жерім, Отаным
Үй тапсырмасы
“Туған өлкем - тұнған шежіре” тарауын қайталау бойынша “ Ыстық орындық “страт. әр топтан жұптасып 2оқушы шығып барлығы 9сұраққа жауап береді

Әр топ үш сұрақтан қойып жауап береді.
1. Елі ақынға қандай үміт артты?
2. Ақын елін қалай бағалайды?
3. Көңілге медеу санайсың дегенін қалай түсінесің?
4. Ақын еліне қандай уәде берген?
5. C. Торайғыров туралы қандай қосымша дерек бар?
6. Ақынның еліне ризашылығын қай жолдардан оқып түйдің?
7. Туған ел, жер туралы қандай өлең оқыдың?
8. Ата - анаң саған қандай үміт артып отыр?
9. Алты қырдан ассам да деген жолдарды түсіндір.

Бекіту “Құндылықтар спекторы “
Мұнда үш топ оқушылары топпен жауапты тарау бойынша тұжырымды ойлар айтып қорытындылайды, мақал мәтелдер, нақыл сөздер айтылады.
Отан - оттан да ыстық
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Туған жер - алтын бесік

Бағалау тақтасына үй тапсырмасы бойынша белсенділерді бағалау
«Елім», «Жерім», «Отаным» топтарындағы оқушылардың аттары тұстарына смайликтер жабыстырылады.

Жаңа сабақ
Видео көрсетіліп, тәуелсіз ел Қазақстан екенімізді көрсететін бейнебаян көрсетіледі.
Бейнеге кіру: Оқулықтан Атасы, Зерделі, Талапбек роліндегі тараудың кіріспе сөзін рольге бөліп оқу. ( Балалар ақ қалпақ киіп ақпарат береді).
Әр топтан қиындылар бөліп алып оқиды.

Мұғалім түсіндірмесі С. Торайғыров
Білетіндерін сұрау, өмірбаянындағы деректерге сұрақ қоя білу, мәнерлеу
Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жерде, қашан дүниеге келген?
“Сұрақты төңкеріс “әдісі бойынша берілген оқулықтағы мәліметті төңкере қайта сұрақ қою.

Сұлтанмахмұт Торайғыров
1893 - 1920 қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, педагог.

Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс
Үміт қып менен қарайсың,
Көңілге медеу санайсың,
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін елім, қимаймын,
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам, ішіңде
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын.
Сіздерге әкеп шашуға
Ілім - білім жинаймын.

Түсіну, талдау, жинақтау
1) Өлеңді мәнерлеу (әр топтан сары қалпақ киіп мақтану )
2) Өлеңнің ұйқасын табу
3) Өлеңді қара сөзбен жеткізу

Сөздікпен жұмыс
Көңілге медеу - арқа сүйер
Алты қырдан асу - алыстан, қиырдан
Тыншып - тыныш жатпаймын

Поэзиялық кеш Жамбыл Дүйсеновтің еліне арнауын видеодан тыңдау
Оқушылар 4 - шумақ өлеңдерін ойластырып отырады. (жасыл қалпақ кию )

Қорытынды
Венн диаграммасы бойынша
Жағымды, жағымсыз әсерлі шумақтарды атау, түсіндіріп өту
(көк қалпақ кию )
1 - шумақ және 3 - шумақ жанға жақсы әсер етті.
Ал 2 - шумақ жанға қатты әсер етті.

Бағалау
Бағалау критериялар бойынша жиынтық баға шығару, формативті тақта арқылы, топтық, жұптық, жеке жұмыстарды жұлдызшалар арқылы бағалау

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау
С. Торайғыровтың басқа өлеңдерін тауып іздену

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
«Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Қазақ тілі үйірмесі. Жалғаулар
Қазақ тілі үйірмесі. Жалғаулар
Тіл туралы жан - жақты білімдерін кеңейту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру, жалғау түрлерін қайталау; Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік тілін, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
«Туған жер» Қасым Аманжолов
«Туған жер» Қасым Аманжолов
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Мейрамбаева Жанар Кеңесбайқызы
Туған еліме. Туған жер
Туған еліме. Туған жер
Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×