Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған еліме. Туған жер

29 маусым 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі.
Сабақ тақырыбы: Туған еліме. С. Торайғыров. Туған жер. Қ.Аманжолов.
Сабақ мақсаты:
1) Оқушыларды өз бетімен іздене білуге, қосымша материалдарды іріктей алуына , ой қорытуға үйрету.
2) Қасиетті нәрселерді қадір тұтуға үйрету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ақын өмірлерін үлгі ету.
3) Оқушыларды еркін сөйлеуге, ой ұшқырлығын ұштауға, өз ойын еркін жеткізуге баулу, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылыққа баулу.
Әдісі:сыни тұрғыда ойлау стратегиясы.
Түрі:шығармашылық сабақ.
Көрнекілігі:мультимедиялық тақта, портреттер, суреттер.

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі.
Топқа бөлу, топтастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақта. Ақын өлеңдерін оқу, талдау.
С. Торайғыров. Туған еліме.
1. Ақын өлеңді еліне арнағанын қайдан білесің?
2. Елі ақынға қандай үміт артты?
3. Ақын елін қалай бағалайды? Оны өлеңнің қай жолдарынан байқадың?
Қ. Аманжолов. Туған жер.
1. Ақынның туған жеріне деген мақтаныш сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?
2. Туған жердің кеңдігі , байлығы ақын не деп тебіренеді?
3. «Қызығыңды көріп еркін келемін» деген жолдағы ақын ойы не?

IV. Сергіту сәті.
V. Дәптермен жұмыс.
Өлеңнің бірінші шумағын қатесіз жатқа жаз.

VI. Қызығушылығын ояту.
Өлеңнің ұйқасы қай кестеге сай келетінін табу.
Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба құмарың бір қана ма?
VII. Салыстыру.
Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.
VIII. Шығармашылық жұмыс.
1. Салған суреттерін қорғау.
2. Шығармаларын оқып, түсіндіру.
3. Поэзияға 5 минут.
IX. Қорыту.
Х. Бағалау.
8 435
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
"Туған еліме" Сұлтанмахмұт Торайғыров
"Туған еліме" Сұлтанмахмұт Торайғыров
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қитуова Мария Маратқызы
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Туған жер
Туған жер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатимова Алия Аккалиевна
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайран, Қарасазым - ай!»
«Туған жер» Қасым Аманжолов
«Туған жер» Қасым Аманжолов
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Мейрамбаева Жанар Кеңесбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×