Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»

14 тамыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: І Жансүгіров «Жазғытұрым»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңнің негізгі ойын ашу, мазмұнын толық меңгерту, Ілияс Жансүгіров туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылығы: Танымдық белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды табиғатты қорғауға, күтуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатты сүйе білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ақындардың суреттері, көктем мезгілінің суреттері,
Сөзжұмбақ, тірек сызбалар, елбасының жолдауы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Ана тілі
Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым
Сонда - дағы сен қалмассың көкейден
Сонда - дағы сені ұмыта алмаспын.
Ана тілім күшім менің қуатым
Жырым сендік жүрегімнен туатын
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын!

Үй тапсырмасын сұрау: Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
1. Өлеңді жатқа айту

2. Сұрақ - жауап әдісі
1. Жазғытұры мезгілінде қандай өзгерістер болады? Ол туралы ақын не дейді?
2. Жазғытұры мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын ата.

Сөзжұмбақ
1 Қоянның төлі (көжек)
2 Көктемде не бүршік жарады? (ағаш)
3 Көктемнен кейін келетін жыл мезгілі (жаз)
4 Құйрығы айыр құсты ата (қарлығаш)
5 Орман емшісі қай құс? (тоқылдақ)
6 Дәм сезу мүшесі (тіл)
7 Жылқының төлі (құлын)
8 Көктем айының аты (наурыз)
9 Еңбекқор жәндік (құмырсқа)
10 Иіс сезу мүшесі (мұрын)

Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
1 - қатар
Жеке көріністерді сызба арқылы көрсет:
Табиғаттың сипаты
Жануарлар әрекеті
Ауыл адамдарының тіршілігі
Өсімдіктердің күйі
2 - қатар
Қатесін тап
Қыста - Жапырақтар түседі
Күзде - Өсімдіктер көктеп шығады
Көктемде - Өсімдіктер пісіп жетіледі
Жазда - Өсімдіктің өсу мерзімі тоқтайды
3 - қатар
Жазғытұрым сөзінен жаңа сөздер құрастыр

І. Жансүгіров 30-ыншы жылдары кінәсіз репрессияға ұшырап, кейінгі жылдары ғана елімен қайта қауышты. Ілияс ақынның жүрегі қазақ елінің тәуелсіз болуын аңсаған. Өз заманына сай елінің жоғын жоқтап, халқының намысын қорғай білген.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өздік даму моделі – Қазақстан жолын қалыптастырды
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Биылғы Қазақстан - 2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында осы ата бабаларымыздың асқақ арманын жүзеге асыратын халықтың жаңа өмір сапасын қалыптастыратын, міндетпен мүддені бір мұратқа тоғыстыратын Қазақстан - 2050 стратегиясының түп қазығы мәңгілік ел атты қазақ елінің ұлттық идеясын ұсынып ұзақ мерзімді дамудың бағыттарын белгілеп отыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Ілияс Жансүгіров “Жазғытұрым” өлеңі
Ілияс Жансүгіров “Жазғытұрым” өлеңі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақши ауылы "Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернат" КММ бастауыш сынып мұғалімі Мукаметжанова Айгуль Жумагельдинова
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Арзакулова Бексулу Айдынгалиевна Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×