Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілияс Жансүгіров “Жазғытұрым” өлеңі

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров “Жазғытұрым” өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға І. Жансүгіровтың өмірі, еңбектері туралы түсіндіру, өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға, мазмұнын ашуға үйрету.
Дамытушылығы: Өлеңнің мазмұны арқылы ой - өрістерін кеңейту, сөздік қорын дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: Табиғатты сүйе білуге, әсемдікті сезінуге, еңбекке баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, кубизм, көрнекілік т. б
Сабақтың көрнекілігі: көктем мезгілі бейнеленген слайдтар, автор суреті және өмірдерегі жазылған слайдтар, сәйкестендіру тесті, сызбалар, суреттер т. б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Бүгінгі сабағымызда “Жеті ата” аулына саяхат жасаймыз. - Балалар, “Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер” деген сөз тегін айтылмаған. Сендер жеті аталарыңды білесіңдер ме? (1оқушыға айтқызу). Әр ауылдың бізге арнаған тапсырмалары бар, соны орындаймыз. Ендеше «Ата ауылына» саяхатымызды бастайық. Ата ауылының тапсырмасы.
- Үйге берілген тапсырманы айтып беріңдер.
– Абай. “Жазғытұры”.
a) Абайдың өмірі жайлы бір оқушыдан сұрау.
ә) 3 - 4 оқушыдан “Жазғытұры” өлеңін жатқа сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
ІV. Жаңа сабақ.
1. “Әке ауылы”.
а) Слайдтан көктем мезгілі бейнеленген суреттерді көрсету.
– Суреттерде қандай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғар - дыңдар?
ә) Ендеше, балалар, біз бүгін Ілияс Жансүгіровтың “Жазғытұрым” өлеңімен танысамыз.
б) Слайдтан І. Жансүгіровтың суреті мен өмірдерегін көрсете отырып, таныстыру.

Ілияс Жансүгіров – қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны. Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, сауат ашқан. Ташкенттегі 2 жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, 1921 жылы, өз ауылында мұғалім болады. Онан соң аз уақыт “Тілші” газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. (1921ж)
Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына 1925 жылы түсіп, 1928 жылы бітірген соң “Еңбекші қазақ” газетіне қызметке алынады. 1932 – 1934 жылдары Қазақстан жазушылар одағы ұйымдастыру коммиссиясының төрағасы болады.
1938 жылы саяси қуғындаудың құрбаны болды. “Күй”, “Дала”, “Күйші”, “Құлагер”, “Малта”, “Жазғытұрым” атты өлеңдері бар.

Жаңа слайдтан көргендеріңдей көктемде ауа - райы жылына бастайды. Жылы - жылы жел соғады. Қар ери бастап, жылғалардан су ағады. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастайды. Қаңқылдап қаздар келеді. Көк майса желкілдеп өседі. Өріске малдар шығып, тойынады. Ауыл қыстаудан жайлауға көшеді. Құстар ұясын түзеп, балапан басады. Көктемде өздерің де, жылқы малының жалын күзеп, қой - ешкілер – дің жүнін қырқып жеңілдетеді,- түсіндіре келе слайдтан өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Жазғытұрым
Ой, балалар, балалар!
Жылы – жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл – қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды – жаз кепті.
Желкілдейді көк майса,
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әпке, апамдар қой сауған,
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты,
Егіндерін жыртыпты.
Ой, балалар, балалар!
Ойнайық та күлелік,
Қос басына мінелік

2. “Бала ” ауылына да келіп жеттік.
Оқулықпен жұмыс.
a) Тізбектей оқыту.
3. “Немере” ауылына да келіп жеттік.
а) Өлең соңындағы тапсырмалармен жұмыс.
1. – Өлеңді мына тақырыптар бойынша екіге бөл: Көктем шықты; Ауыл жайлауға көшті.
2. – А. Құнанбаевтың “Жазғытұры” өлеңі мен бұл өлеңнің ұқсастығы, айырмашылығы бар ма? Болса, қандай?
3. Өлеңде көктемнің қандай белгілері айтылған? Санамалап айтып бер.
Сергіту сәті.
Көтеріліп шаңырақ, уықтары шаншылар,
Керегелер керіліп, өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып, киіз үй боп көрінер.

4. “Шөбере” ауылына да келіп жеттік.
“Кубизм” стратегиясы. Кубик лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Абайдың азан шақырып қойған аты.... (Ибрагим )
2. Абайдың әкесі, әжесі, анасы кім? (Құнанбай, Зере, Ұлжан )
3. Абайдың қандай өлеңдерің білесің? Ата.
4. І. Жансүгіров кім?
5. Мақалдың жалғасын тап.
Сәуір болса, күн күркірер...
(Күн күресе, көк дүркірер )
6. “Жазғытұрым” өлеңінің авторы кім? (І. Жансүгіров)

5. “Шөпшек ” ауылына да келіп жеттік. Мақалдың жалғасын тап. Сәйкестендіру тесті. 1. Қыс қарлата, дауылдата келсе...
Көктем көлдете, жауындата келеді.
2. Көктемде бір тойдым...
Көбік қарда бір тойдым.
3. Күн күркіресе...
Көк дүркірейді
4. Көктем – мұрап...
Күз – диқан.
5. Сәуір болса, күн күркірер
Күн күркіресе, көк дүркірер.

6. “Немене ” ауылының тапсырмасы.
Топтастыру сызбасы.
Бүгінгі өлеңде айтылған көктемнің белгілері арқылы, «Көқтем» сызбасын толтыру.

V. Қорытынды және бағалау.
- Бүгінгі сабақта не жайында оқып білдік?
- Өлеңде не жайында айтылған?
- Жылы желдің соққаны, жылғалардан су аққаны, жердің кепкені, малдың желіндегені, қыстаудың көшкені, құстың балапан басуы, тайдың күзелгені, ешкінің қырқылғаны, егіннің салынғаны айтылады.
Ақын балаларды еңбекке, үлкендерге көмектесуге шақырады.
VI. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу және жатқа айту.
19 494
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Атырау қаласының №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Куспанова Жанар
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Арзакулова Бексулу Айдынгалиевна Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×