Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»

08 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен таныстыру. Заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғым беру.
Тәрбиелік мақсаты: Әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорын, дүниетанымын, сөйлеу тілін, білімі мен білігін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Слайд, ереже плакаттары, т. б.

Жүру барысы:
I. Қызығушылығын ояту
Білімділік міндеттері:
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық даярлық
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Сәлемдесу.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

3. Үй тапсырмасын сұрау.
Білімділік міндеттері:
1 Оқушылардың өткен сабақта алған білімінің деңгейін, үй тапсырмасының дұрыс орындалуын анықтау.
2 Шығарма «Өз еліммен мақтанамын»
3 Мақал - мәтелдер. Туған жер, Отан туралы.
Сұрақтары:
1Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2 Өз елің туралы әңгімеле.
3 Қ. Р. рәміздерін ата?
4 Әнұран авторын ата?
5 Елтаңба авторын ата?
6 Туға сипаттама бер

II Жаңа сабақ:
Мағынаны тану
Білімділік міндеттері:
1 Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру
2 Сабақ мақсатын оқушылармен анықтау
- Сабақты жыл мезгілдері туралы білімдерімізді толықтырумен бастасақ деймін.
- Табиғат - ананың төрт перзентінің өзіндік ерекшелігі, өзіндік сұлулығы бар.
- Мен жыл мезгілдерін ортаға шақырсам деймін. (Жыл мезгілдері болып киінген оқушылар ортаға шығып, өздерін таныстырады)
- Ал, балалар, қысты ығыстырып, ертең - ақ табиғат әлеміне енетін Көктем мезгілі болмақ, бүгінгі сөзіміз. Осы мезгілді Жазғытұрым деп те атаймыз. Әсем табиғатты, Жер - Ананы түлеткен көктем туралы ақындар жырын тыңдасақ.

Слайд,
1. Жазғытұрым.
Абай
2. Көктем
Қ. Аманжолов
3. Жазғытұрым
І. Жансүгіров

- Бұл өлеңдермен таныстық, үш ақындар да, көктемді адамдар, жануарлар тіршілігімен байланыстыра отырып жырлайды.
І. Жансүгіров аталарыңның «Жазғытұрым» өлеңінің толық мазмұнын аша танысамыз.
Слайд «Жадымнан өшпес есім»
І. Жансүгіров туралы мәлімет беру
Оқулықпен жұмыс.
1) Өлеңді мәнерлеп оқу.
2) Өлең мазмұнын ашу.
3) Заттың атын білдіретін сөздер.

Слайд
Кім?
Суретші
Әке
ата
ана
әже

Не?
Қоян
Қобыз
түлкі
шапан
гүл

4) Ережені қорытып шығару.
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? кімдер? Нелер? деген сұрақ қойылады.
Кім? сұрағы адамдарға байланысты айтылған сөздерге қойылады. Не? сұрағы жануарларға, жансыз заттарға қойылады.
Дәптермен жұмыс.
1 83 - жаттығу. Суретке қарап кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер жазу.
2. Диктант.
Көктем туды. Қар еріді. Жел соқты. Құстар оралды.
1 Не? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу.

III. Ой толғаныс.
1. Көктем мезгілінің ерекшелігін айт.
нөсер гүл
Еңбек ------ Көктем ------ мөлдір су
Жылы жел ------ жасыл желек ------- ашық аспан
2. Бағалау.
Білімділік міндеттері:
1 Оқушының білімді, іс - әрекет амалдарын меңгерту сапасын анықтау.
Үй тапсырмасы.
1 «Жазғытұрым» өлеңін жаттау.
2 Шығарма «Көрікті көктем туғанда»
8 606
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Жазғытұрым
Жазғытұрым
Тақырыбы: Көктем. Жазғытұрым. Зат есім.
Заттың атын білдіретін сөздер
Заттың атын білдіретін сөздер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калиева Нурлыхан Жұбатқанқызы
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Арзакулова Бексулу Айдынгалиевна Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Отан
Отан
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×