Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ю дыбысы мен әрпі

23 тамыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі
1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы. Оқушылардың ой - өрісін сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелігі. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ұлттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру сұрақ - жауап.
Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Түгендеу, партаға дұрыс отыру, сабаққа зейін аударту.

ІІ. Үй тапсырмасы:
Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
1. «Я» дыбысы қандай дыбыс?
2. «Сұр қоян» өлеңін жатқа айтқызу
3. Оқулықпен жұмыс: Кісі аттарын айтқызу
Мақсат қою тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу
Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)

Сергіту: Орман аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық,
- Бізге таныс емес қандай дыбыстарды естіп турсыңдар?- Ю(бір неше
Рет қайталап дыбыстау). Ю дыбыстан екі дыбыстан тұратыны туралы
Түсінік беру Ю дауыс, сырттан енген, и+у дыбыстарының қосылуынан
жасалады.
Айу - аю, ойу - ою,
Баспа және жазба түрімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс
Суретке қарап әңгімелеу

Бағандағы сөздерді оқытып, мағынасын ашу.
Аю / қо ю / құ ю / сү ю / е се ю / а за ю
Ою / қи ю /тү ю / кү ю / үл ке ю / кө бе ю
«Ою» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.
«Жақсы көрем» өлеңін жаттау.

Дәптермен жұмыс
А) әріп элементтерімен таныстыру
Ә) ауада жазу
Б) тақтаға жазу
В) Дәптерге «Ю» әрпін жаздырту.

ІV. Қорытындылау, бағалау.
– Біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбыс және әріппен таныстық?
«Ю» – дауысты дыбыс, сырттан енген, «и» және «у» дыбыстарының қосындысынан жасалған.
«Жоғалған дыбыс және әріп» ойыны.
Со..., қо..., та..., а..., жи....
Үйге тапсырма. «Ю» дыбысы мен әрпі.
13 552
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Балаби ауылы, №50 Абай атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Омарова Жазира Кеңесқызы
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі: Садвакасова Гульнур Турарбековна
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×