Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ү дыбысы мен әрпі

30 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1 Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.
2. Есте сақтау, ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Ұқыптылыққа баулу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, әріптер, буындар
Түрі: білімді меңгерту
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, бүгін бізде әліппе сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген қонақтар сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды «Әліппе» өлеңінен бастайық:
Іші толы әріпке,
Мынау әйбат Әліппе.
Барлық ілім, білімнің,
Әжесі – осы Әліппе!

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік? (Ө - Ө - Ө)
- Қане, кім айтады ө дыбысы қандай дыбыс? (дауысты)
- Соның ішінде қандай дауысты дыбыс жуан ба, жіңішке ме? (жіңішке)
«Бөпешім» өлеңін жатқа айтқызу.
Өзіндік жұмыс: буындарды әр балаға таратып беру, сөз құрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.
а) Электронды оқулықпен жұмыс
ә) Әліппе оқулығымен жұмыс: Ү дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.
б) Жұмбақты шешу:
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
- Қарлығаш қандай жерге ұясын салады? (Шатырдың, үйдің бұрышына). Яғни, қарлығаш адамдарға жақын жүреді екен.

Сергіту сәтін өткізу.
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.
Топ - топ, топ - топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса, жарқын күн,
Жаса, жаса алтын күн!
Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық? Смайликтер арқылы көңіл күйлерін анықтау.
2 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ү дыбысы және әрпі
Ү дыбысы және әрпі
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Мейрамкул Елемесқызы
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Ё дыбысы мен әрпі
Ё дыбысы мен әрпі
Ё дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×