Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баланы атқа мінгізіу

17 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Баланы атқа мінгізу (сыныптан тыс іс - шара)

Баланы атқа мінгізу
Сабақтың мақсаты: 1. Халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрін еске түсіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту.
2. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, ой өрісін шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Халық дәстүрлерін танып білу.
Сабақ дайындығы: қанатты сөздер, ұлттық киім, ұлттық бұйым, ер әбзелдері, сыйлықтар т. б.

Сабақ барысы:
Мұғалім: Ассалаумағалайкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке той думанның басы болсын,
Игі еңбектің жемісін бәрі көріп,
Салт дәстүрді сақтасын халық біздің.

1 - оқушы: Біздер бұрын көрмеген,
Салт дәстүрім өрлеген.
Үйренеміз дәріптеп,
Заманымда өрлеген.

2 - оқушы: Егемен болмай ел болмас,
Етек жеңі кең болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.

3 - оқушы: Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз деп тасталған,
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

4 - оқушы: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

Олай болса салт - дәстүріміздің бір бөлігі бүгінгі сынып сағатымыздың бет ашары болдырып «Қазақтың дәстүрлері» атты әнмен жалғастырайық.

Кіріспе әңгіме. Қазақ халқы баласын өзінің өмірінің жалғасы ұрпағы болғандықтан, дүниеге келген сәбиін өсіп азамат болғанынша ардақтап, оларға арнап ырымдап әр түрлі тойлар жасап отырған. Сол тойлардың біразы мыналар: Жарыс қазан, бесікке салу, қырық шелпек, шілдехана, тұсау кесер, сүндет той, баланы атқа мінгізу, тілашар тойы, әскерге шығарып салу тойы, үйлену тойы. Сол көптеген тойлардың бірі« Баланы атқа мінгізу» тойына бүгін куа боламыз.

Мұндағы мақсат. Жас ұрпағымыз салт дәстүрді білу, танымдық қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру. Ата бабамыз ұл балалы болғанда ерекше сый құрметпен қарап оны шаңырақ иесі деп есептеген. Әр кез шымыр, ширақ пысық, өткір, ақылды болуға тәрбиелеген. Баласын 4 - 5 жасқа толғанда атқа мінгізіп үйреткен. Ондағы мақсаты желден жүйрік ат пен достаса білу, мал түлігін құрметтеу, өсіп пысып жетілуге жәрдем береді деп баулыған. Сондай қуанышты той бүгін біздің сыныпта Акашевтар әулетінде болғалы отыр. Той иесіне сөз берейік. Буклет, ат абзелдерін таныстыру.

Енді азаматымызды атқа мінгізу дәстүрін жасайық. Әкесі өз ықыласын айтып ұлын атқа мінгізеді. Бала ойыншық ат пен бір айналып келген соң анасы ақ тілекпен шашу шашады. Ауыл қариясы атқа мінген балаға бата береді. Тойға келген қонақтар мен той иелеріне сыйлықтар беріледі. Сынып ұжымы атынан бір оқушы сыйлықтар тапсырады. Тойымызды одан әрі жалғастырып той дастарханына шақырайын. Келіңіздер. Той ойынсыз болмайды - ғой, ұлттық мұрамыздың бірі сандықта әр түрлі құпиялар болады. Сол құпиялы мына сандықта да жасырылған екен. Құпиясын жасырыпты ашып көрейік. Кезек ата - анада.

1 - құпия. Айтыс - түрі.
Ұлттық тағам түрін ата.
2 - құпия. Ұлттық киім түрін ата.
3 - құпия. Ұлттық ыдыс түрін ата.

Тойды одан әрі жалғастырайық.
Мың бұралған аруларым қаншама.
Қамажайды тамылжыта билемек.
Қошаметпен қол соғайық қуана.
Бір оқушы қамажай биін билейді.

Той дастарханы болса да әдептен озбайтын салтымыз бар. Сол үшін де дастарханға байланысты қандай тыйым сөздер біледі екен балаларымыз байқап көрейік. Қане кім біледі, айтайық.
Көргенді жас пәк бала.
Дастарханнан аттама!
Ісін қалып жатса да,
Таңғы асты тастама!
Үйде де, қайда да,
Пышақпен ойнама!
Дастарханға емінбе!
Көп алдында керілме!

Той дастарханы әнсіз, күйсіз болмайды барлығымыз бірге кішкентай қызымызбен «Қазақы дастарханым» әнін шырқайық. Той ойынсыз болмайды енді бір ойын ойнайық ойын аты: «Қамқор әке» Балаларыңыздың аналары уақыты болмай қалғанда, сабаққа кетуге асыққанда шашын өруге тура келеді. Сонда әкелеріміз қыздарының шашын қалай өреді, сәндейді екен төреші болайық. Енді бүгінгі атқа мінген ер-жігітімізге тарту, есіне сақтап жүрсін деп достары мақал - мәтел айтып бермек кезек достарында.
Талапты ерге нұр жауар.
Жомарт жоқтығын білдірмейді.
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.
Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді.
Ер мойнында қыл арқан шірімес.
Үлгі алатын ата - аналар қаншама
Өнерлілер өрге жүзер қашанда
Гитарамен ән салуға келді бүгін деп бір ата - анамыздың әнін тыңдайық.
Ұлтымыз балаға жасынан тәрбиені бере білген халық әкелеріміз жіпті күрмеуді 4 - 5 жаста балаға үйретеді екен. Енді ойынымыз «Құпия жіп» ойыны. Аналарымыз балаларына күрмеуді үйретеді.
Халқымыз бір ойыны «Алтын сақа»,
Шығады жеңімпазы жеке дара
Ендеше бізде ойнап көрейікші.
Қандай ойын екен бұл «Алтын сақа» қыздар 5 асықтан алып ойынды ойнайды. Астың аяғына асқа бір бала бата сұрайды.
Құлақтан кіріп бойды алар.
Әсем әнмен тәтті күй.
Өнерге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз айтқандай ата - аналарымызбен оқушыларымызда өнерпаздар баршылық.
Келесі кезекті ата - анамыздың бірі «Тойын тойға ұласын» әнін орындайды.

Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу.
Өнер білім тең таразы біздерге.
Тәрбиеші ата - анасы десек те.
Қатынас екі арада мықты болсын
Мектепке жетісіне бір келсе де.
Той дегенің осылай бір тойланар.
Санамызға сіңіруге пайда бар.
Тойларың тойға ұлассын ата - аналар!
Қуанышпен қауышайық қашанда.
11 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазағымның дәстүлері – ай!
Қазағымның дәстүлері – ай!
Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, оқушыларды ұлттық салт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицей Бастауыш сынып мұғалімі Бекжанова Бахтигул Нурмухамбетовна
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
«Сыңғырлау мектеп - балабақша кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Р. Мамытова
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" шағын жинақты жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Садуова Гүлсім Ерболқызы
Ата дәстүр-асыл қазына
Ата дәстүр-асыл қазына
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы № 100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қиятбаева Дана Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мерекесіне орай «Тәуелсіздік 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» аясында өткізілгелі отырған «Ата дәстүр – асыл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×