Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазағымның дәстүлері – ай!

01 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қазағымның дәстүлері – ай!

Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, оқушыларды ұлттық салт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар суреттері

БАРЫСЫ:
Жүргізуші: Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.
Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері салт - дәстүр, әдеп-ғұрып, үлгілері мен өнегелері – соның айғағы.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

І. «Салт – дәстүрді білесің бе?»
1 – оқушы: «Балаға ат қою»
Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың...» еп үш рет қайталайды.

2 – оқушы: «Бесікке салу»
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке – шешесі бесік тойы жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын – шайтандарды қуу үшін, түрлі отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы атқызып бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп тұяғын байлайды.

3 – оқушы: «Қырқынан шығару»
Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған суға шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады.
Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген иткөйлекке тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді.
Балалар итті қуып жетіп тәттілерді бөліседі.

4 - оқушы: «Тұсау кесу»
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілекпен туған рәсім.

5 – оқушы: «Атқа мінгізу»
Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрдің бірі - 3 - 4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай жасалған.
Осы жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер ба -
ланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен – бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.

6 – оқушы: «Тоқым қағу»
Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде «Тоқымқағар» тойы жасалған.
Жиналғандар домбыра тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойын – сауыққа айналған.

7 – оқушы: «Сүйінші»
Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді.
Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық береді. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

8 – оқушы: «Сәлемдеме»
Сәлемдеме – адамдардың бір – біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір – біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп қатты қуанады.

9 – оқушы: «Көрімдік»
Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға т. б. алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау – қазақтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алуда, беруде ғана емес жақын – жуықтың адамгершілігін
ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады.
Байғазы мен көрімдік – екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбіне жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

10 – оқушы: «Базарлық»
Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші – көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды.
Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

11 – оқушы: «Жеті ата»
Жеті атасын білмеген – жетесіз. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атасына дейін қыз алыспаған.
Бұрынғы адамдар бір – бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыда шыққан. Жеті ата әкеден жоғары таратылады.
Олай болса жеті ата: 1) бала 2) әке 3) ата 4) арғы ата 5) баба 6) түп ата 7) тек ата.

12 – оқушы: «Тыйым»
«Қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тыйым». Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жасөспірімдерді жаман
әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел – жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп танылған және ондай істерге қатаң тыйым салған, Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.

13 – оқушы: «Құтты болсын» айту
Қуанышқа «құтты болсын» айту – ата салтымыз. Ол – сол адамдарға деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі.

14 – оқушы: «Шашу»
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде т. б. зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

15 – оқушы: «Ерулік»
Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады.

16 – оқушы: «Қалау»
Біреудің жақсы затына, малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Бұл – жомарттық пен мәрттіктің белгісі.

17 – оқушы: «Сауын айту»
Бірде елде ас, үлкен той болатын болса, ол кісі күні бұрын жан-жаққа хабарласып сауын айтады. Бұл жай шақыру емес, әр ел салт – дәстүрімен, яғни батыр, палуанымен, сойыс малымен, саба -
қымызымен келсін дегенді білдіреді.

18 – оқушы: «Аманат»
Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.

19 – оқушы: «Енші»
Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата – анасы оған дүние – мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші дейді. Ал қызға берілетін дүние – мүлік жасау деп аталады.

ІІ. «Қазақтың ұлттық тағамдары»

20 – оқушы: Ет асу
Қазақ халқының басты тағамы. Ет су құйылған қазанға салынып пісіріледі. Піскен еттің майлы сорпасына жұқа жайылып қойылған жайма нан салынады. Дайын болған жайма нан табаққа түсіріліп, туралған ет салынып, үстіне тұздық құйылады. Малдың басы, жамбасы сыйлы қонақтарға, ортан жілік жасы үлкен кісіге, құдаға асық жілік құдағиға, төс күйеуге, келінге, бүйрек, құлақ балаларға тартылады.

21 – оқушы: Қазы
Қазы майының қалыңдығына байланысты кере қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы, бұлт қазы деп бөлінеді. Ішекке сыймағанын телшік деп атайды. Қазыны көбіне қысқа сақтайды. Қазы сүрленген сайын дәмді болады.

22 – оқушы: Ірімшік
Сүтті ұйытып суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшік қызыл сары түске айналады. Содан кейін оны сүзіп, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді.

23 – оқушы: Жент
Қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. Негізі сөктен жасалады. Сөк жармаланғаннан кейін сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан кейін ыдысқа салынып, беті тегістеліп, салқын жерге шығарылып қойылады. Шай дастарханының сәні.

24 – оқушы: Қымыз
Бие сүтінен ашытып дайындайтын ең қадірлі сусынның бірі. Қымыздың емдік, шипалық қасиеті өте жоғары, әсіресе құрт ауруына шипалы.

25 – оқушы: Бауырсақ
Ашыған қамырдан оқтаумен 1 – 1, 5 см қалыңдықта жайылып, көлемі бірдей етіп кесіледі, қыздырылған майға қуырылып дайындалады.

26 – оқушы: Құрт
Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайната береді. Әбден қоюланған құртты қапқа құйып суынан тағы құрғатады. Бұдан кейін қолмен белгілі бір
қалыпқа келтіріп сықпалап, өреге жайып кептіреді.

ІІІ. Еттен табақ тарту дәстүрі

27 – оқушы: Бас табақ
Бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкен немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.

28 – оқушы: Сый табақ
Сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.

29 – оқушы: Орта табақ
Асық жілік, кейде жамбас та түседі.

30 – оқушы: Аяқ табақ
Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.

31 - оқушы: Күйеу табақ
Күйеу табаққа бір сан, жілік пен төс салынады.

32 – оқушы: Келін табақ (беташар табағы)
Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.

33 – оқушы: Қыздар табағы
Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.

34 – оқушы: Құдағи табағы
Құдағилар табағына жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.

Жүргізуші: Біздер бұрын көрмеген Етек – жеңі кең болмас,
Салт - дәстүрім өлмеген. Терезесі тең болмас
Үйренеміз дәріптеп Енді қазақ кем болмас
Заманымда өрлеген.
Егемен болмай ел болмас,
6 961
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дәстүрді дәріптейік
Дәстүрді дәріптейік
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын: «Дәстүрді дәріптейік» деп алған себебіміз - өз халқымыздың салт - дәстүрін, тілін, дінін сыйлап, мәртебесін көтеру. Салт – сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі.
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицей Бастауыш сынып мұғалімі Бекжанова Бахтигул Нурмухамбетовна
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Дамеля Борашевна
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Салтым – асыл қазынам
Салтым – асыл қазынам
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Салт-дәстүрді білесің бе?
Салт-дәстүрді білесің бе?
«Сымбат» жеке мектебінің бастауыш мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×