Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салтын сүйген - халқын сүйер

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Астана қаласы,
№ 64 мектеп - лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Бекжанова Бахтигул Нурмухамбетовна

Сабақтың тақырыбы: Салтын сүйген - халқын сүйер
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт - дәстүрін, мәдени мұрасын, оқушылар бойына дарытып, теориялық білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата - аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлармен безендіріледі.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ ауылының көрінісі бейнеленген сюжетті суреттер. Нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Негізгі бөлім.
а). Жүргізуші сөзі
ә). Оқушылардан салт – дәстүр, әдет – ғұрып туралы білімдерін тереңдету үшін ойын арқылы сұраққа жауап беру.
б). Саяхатқа шығу. Киіз үйдегі сұрақтарға жауап беру арқылы жылжып жүреді.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 2 «Ә» сыныбының «Салтын сүйген - халқын сүйер» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт - дәстүрін, мәдени мұрасын, оқушылар бойына дарытып, теориялық білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата - аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халқымыздың тарихын, тәлім - тәрбиесін негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана сезім көзқарасын қалыптастыруды мақсат ету.

1 - жүргізуші:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болған берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін.

2 - жүргізуші:
Сәлем, анам, алтын күн,
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза бол,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.

1 - жүргізуші:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

2 - жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
- Ал, ендеше, балалар! Біз бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар білімімізді жолымызға азық етіп, жолсерігімізбен «Салтын сүйген - халқын сүйер» ауылына саяхатқа барамыз. Бәріміз саяхаттан қалмай керуенімізбен саяхаттау үшін мына конверттердегі тапсырмаларда орындауымыз керек.
1 тапсырма: - Біз атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет - ғұрып салт - дәстүрін білеміз?
/Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат. т. б./

2 тапсырма: Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?
/Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той,

Ендеше оқушылар керуенімізді бастамай тұрып алдымен киіз үй туралы не білеміз, соны біле кетейік.
Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?
Киіз үй неше қанатты болады?
Кереге дегеніміз не?
Уық дегеніміз не?
Шаңырақ дегеніміз не?

Ал, ендеше керуенімізге барайық. 1 киіз үйдің сұрағын оқиын.
1 - аялдама. «Сөздің басы сәлем»
Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары. Қазақ халқында да амандасу мен жөн сұрасудың өзіндік дәстүрлері бар, осы жайында не айтуға болады?

2 - аялдама. «Кісі күту - қонақжайлылық»
- Халқымыз «Қонақ келсе қоң етін кесіп беретін қонақпыз» - деп бекер айтпаған. Қонақ келсе шабылып қаламыз. Ертеде әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінен қонақ асын жеп кететін болған. Ертеде Алаш хан деген хан бар дүние мүлкін, малын тең төрт бөлікке бөлген екен, үш бөлігін үш баласы - Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзге беріп төртінші бөлігін қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қалдырыпты.
- Құдайы қонақ дегеніміз кімдер?
- Мейман қонақ дегеніміз кімдер?

3 – аялдама. «Қонақ кәделер жасау»
- Халқымыз үйіне келген қонақтарын қалай күткен?. Қонақтарды үйге кіргіземіз, қолдарына жылы су құйып, астына таза жұмсақ төсек салып, астың дәмін алдына қойып жағдайын жасап жылы жерге төсек салып береміз. Қонақ кәделер жасап өнерлерімізді көрсетеміз. Мысалы ән, би.
2 - жүргізуші: Ән «Наурыз»

4 – аялдама. «Ұлттық ойындар»
- Халқымыздың қандай ұлттық ойындарын білеміз? (Арқан тартыс, Алтыбақан, Қыз қуу, Көкпар, Алтын сақа, Ақ сүйек т. б)

5 - аялдама. «Қазақтың ұлттық тағамдары»
- Халқымыздың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер? (Ет асу, Қазы, Ірімшік, Жент, Қымыз, құрт т. б)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана.
Ата салты - асыл қазына
Ата салты - асыл қазына
Өзін - өзі тану пән апталығында 11 сынып оқушыларымен өткізілген тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: Ата салты - асыл қазына Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Құрмет көрсету, сүйіспеншілік, адамгершілік;
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Дамеля Борашевна
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
№ 6 мектеп - интернат тәрбиешісі: Шынбергенова Мариям
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" шағын жинақты жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Садуова Гүлсім Ерболқызы
Тақырыптық жоспар
Тақырыптық жоспар
Оқушыларға өз халқының мәдениеті мен этнографиясын таныту, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×