Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Одағай

28 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Одағай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету;
Дамытушылық: Тапсырмалар беру арқылы шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: десант сабақ
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдісі: топтастыру стратегиясы, рөлдік ойын, сәйкестендіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, ватман, маркер.
Көрнекіліктер: қима қағаздар, гүл шоқтары.
Сабақты жүргізудің формалары: жеке, топтық, ұжымдық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Топқа бөлу 1. «Оқу» орталығы
2. «Жазу» орталығы
3. «Өнер»орталығы
4. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.
Барлығыңызға сәттілік тілеймін!

ІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын табу үшін сөзжұмбақ шешіп көрейік.

Ереже: Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей тек адамның әртүрлі көңіл - күйін, сезімін білдіретін немесе жан - жануарларға қаратылып айтылатын сздер одағай сөздер деп аталады.
Одағайда негізгі мағына болмайды. Сөйлемде одағайлар оқшау айтылады. Басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді, сұраққа жауап бермейді. Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді.

1. Дәптермен жұмыс. Күннің жадын жазу.
- Балалар, тақтада сөйлемдер берілген. Осы сөйлемдердің ішінен одағайларды теріп, көркем жазуға жазайық.
Терме диктант
Ой, арам қат, арам қатқыр! Танау құрт келгір! Осы сиыр - ақ, шашымды ағартты - ау, ойбай! (С.Мұқанов)
- Оһо, қарашы, ата!
- Бәрекелді! Міне, нағыз жігіт!

2. Оқулықпен жұмыс
8 - жаттығу. Топтық жұмыс. Үш топқа үш сөйлемді беріп, одағайы бар сөйлемге айналдырып жазу.
1. Астанадан көкем келе жатыр.
2. Кер бестінің шабысын - ай.
3. Қарағым - ай, білмейді екенсің ғой.
Топтарды бағалау.
9 - жаттығу Топтық тапсырма
Берілген одағайларды қатыстырып, үш сөйлем құрап жазу.
Ой, тәйт, апыр-ай.

ІІ. Сергіту жаттығуы
7 - жаттығу Сахналық көрініс. Қатысушылар: дәрігер, анасы, баласы.
Үш топтан үш оқушыға сахналау. Одағай сөздерді табу.
10 - жаттығу
І топ. Жаңылтпашты оқып, жатқа айтады.
ІІ топ. Одағайды табады.
ІІІ топ. Шылау мен сын есімді салыстырады.

ІІІ. Бекіту.
1. 11 - жаттығу
Гүл күлтешелеріне сөз таптарын жазу.
2. Шығармашылық тапсырма
Сурет бойынша ребус құрастыру.

IY. Қорытынды
Сәйкестендіру тесті
1. Үшін, туралы, қой, ғана ----------- қыстырма сөз
2. Ахау, бәсе, құрау - құрау ---------- шылау
3. Меніңше, әйтеуір, бәлкім ---------- үстеу
4. Төмен, кешке, әрең ------------------ одағай

Рефлексия
1. бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Несімен ұнады?
3. Қандай қиындық кездесті?
Y. Үйге тапсырма: Одағайларды қолдана отырып, «Көктем» тақырыбына эссе жазу.
Оқушыларды бағалау
12 977
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Жаңа сөздерді меңгеру, олармен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрап үйрету; Өзара бағалау жүргізу арқылы тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеу
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеу
Квадрат теңдеу анықтамасын, олардың түрлерін, шешу жолдарын білуге қалыптастыру. Есеп шығаруға машықтандыру.
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
249+376, 625 - 376 Қосу және азайту
249+376, 625 - 376 Қосу және азайту
Көп таңбалы сандарды қосудың тәсілдерін меңгерте отырып, тез ойлауға үйрету; Оқушылардың логикалық ойы мен математикалық тілін дамыту;
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Епенова Самал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×