Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

05 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі (3 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Етістік заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуді
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту. Өз ойларын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, өзіндік
жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Сәлемдесу.
- Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр қатар тәуелденген сөздерді оқиды.
«Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтап, жаңа сабаққа дайындық жасау.
Не? ------------------Кім?
... қоздайды ... емдейді
... құлындайды ... оқытады
... лақтайды ... ұшады
... боталайды ... тігеді
... бұзаулайды ... жазады

- Балалар, біз қандай сұраққа жауап беретін сөз таптық?
- Кім? Не? сұрағы кімдерге байланысты қойылады?
- Ол қай сөз табы?
- Зат есімнің ережесін сұрап, мысал келтіру.
- Балалар бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?
- Мұғалімдер.
- Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?
- Нені аңғардық?
- Заттың қимыл іс - әрекетін аңғардық.
Ережені еске түсіріп, айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты, мақсатын хабарлау.
1. Оқушылардың етістік жайлы алған білімдерін еске түсіріп,
сөйлемдерге сұрақ қоя отырып етістікті таба білуге үйрету.
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсінік қалыптастыру.
3. Өз ойларын жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз.
- Ендеше осы ұранымызды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.

IҮ. Жаңа сабақ
Дәптерге күн реті, тақырып, көркем жазу жазылады.
Оқулық материалдарымен жұмыс.
1 - жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалары:
• өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу;
• етістіктерге сұрақ қою;
• дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу:

2 - жаттығудың мақсаты да оқушылардың назарын қимыл,
іс - әрекетті білдіретін етістік сөздерге не істеді? қайтеді? деген сұрақ қойылатынын аңғарту. (Ауызша)

3 - жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызып, оның қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді.
1. Бағбан көктемде қураған бұтақтарды кеседі. 2. Ат жегілген арба келеді. 3. Асқардың туған күніне достары доп сыйлады. 4. Аспанды қою бұлт қаптады. 5. Ақын өлең жазды. 6. Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшады. 7. Құстар ағашты зиянкестерден қорғайды.

Сергіту кезеңі.
Қызықты грамматика.
«Бір сөзбен атаңдар» ойыны. Жалпы сынып ұжым бірігіп орындайды.
Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
Жүрек жұтқан адам (батыл)
Бетінен оты шықты (ұялу)
Ит өлген жер (алыста)
Тас бауыр (мейірімсіз)
Тасы өрге домалады. (бағы жанды)
Жер соғып қалу (өкіну)
Тілінен бал тамды (шешен)

4 - жаттығу бойынша берілген тақырыптың суреттер арқылы әңгіме құрастырады. Құрастырған мәтіннен етістіктерді тауып, астын сызады және етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба түрінде көрсетеді.

Ү. Рефлексиялық – бағалау кезең.
♦ Үлкен ойын
«Табиғат тал бесік»

♦ Суреттегі заттарды олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып жаз.
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Сұрақтар:
1. 1. Қандай сөздер етістікке жатады?
1. 2. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
1. 3. Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
ҮІІ. Үйге тапсырма.
ҮІІІ. Бағалау.
21 734
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубаева Айнұр
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Ақзейнеш
Етістік
Етістік
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Малаева Индира Жақсылыққызы "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Етістік
Етістік
Бастауыш пән мұғалімі Қарабатырова Қалимаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×