Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

09 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мақсаты: Етістік заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сұрақ қоя отырып етістіктерді табуды үйрету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу, білімдерін тиянақтау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру. СТО стратегиялары, ойын, шығармашылық жұмыс, кестемен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кесте, ребус.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты бекіту.

Жаңа сабақ.
Заттың қимылын білдіретін сөздер жайында оқушылар 1 - 2 - сыныпта қысқаша мағлұмат алған. Сол білімдері еске түсіріледі.
Қызығушылығын ояту.
Сабақ ребус шешуден басталады. Дұрыс шешкен жағдайда сабақтың тақырыбы ашылады. Шешуі: Етістік.
Ендеше, қазір практикалық жұмыс жүргізейік.
- Қыз Жібек, есікті ашшы.
- Балалар, Қыз Жібек не істеді?
- Есікті ашты.
- Қыз Жібек, орныңа отыр.
- Қыз Жібек не істеді?
- Орнына отырды.
- Есікті ашу және орнына отыру үшін қандай іс - әрекетке барды?
- Орнынан тұрды, жүрді, яғни қимылдады.
Осы іс - әрекеттерге қарап отырып, ережені өздерінің қорытып шығаруларына мүмкіндік жасау. Оны «Пресс - конференция» дидактикалық ойыны арқылы жүргізуге болады. Ойынның шарты: Тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. «Журналистер» «ғалымдарға» төмендегі үлгі бойынша сұрақтар қояды.

Сұрақтар:
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
3. Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
«Ғалымдар» мысал келтіре отырып жауап берулері тиіс.

Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығудағы өлең мәнерлеп оқылады және жатқа жазылады.
Оқушылардың орындайтын тапсырмалары:
өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу;
етістіктерге сұрақ қою;
дәрігер мамандығы бойынша қысқаша әңгімелеу.

Мағынаны тану.
Осы өлеңнің жалғасы ретінде мына өлең жолдарын да талдап жіберейікші.
Экраннан көрсету.
Диқан тыңды тіледі,
Ісмер кесте тігеді.
Кенші жерді қазады,
Ақын өлең жазады.
Етістікті тауып, оларға сұрақ қою,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 929
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді ЕТІСТІК дейміз. Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Не қылды?
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Етістік
Етістік
Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубаева Айнұр
Етістік
Етістік
Алматы қаласы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Уразымбетова Алтын Маратқызы
Етістік
Етістік
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×