Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бозторғай - дала сәні

17 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бозторғай - дала сәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгімені оқыта отырып мазмұнын ашу, өткен тақырып бойынша алған білімдерінің сапасын анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – санасын, сөздік қорларын дамыту, шығармашылық қабілетін жүйелеу.
Тәрбиелік: Жан – жануарларға, құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: оқулық, суреттер, үнтаспа, жемсауыт.
Қолданылатын технологиялар: Сатылай кешенді оқыту технологиясы.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Дәптермен жұмыс.
VI. Жұмбақтар сайысы
VII. Халық болжамы
VIII. Викторина сұрақтар
IX. Жаңа сабақты бекіту.
X. Бағалау

• Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезең: сабақтың ұстанымдарымен таныстыру.
1. Уақытында бастау.
2. Белсенді болу.
3. Сөзді бөлмеу.
4. Бір - бірімізді құрметтеп сөйлеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Бозторғайға жақсылық жасамақ болғандары дүрыс па?
Бозторғайдың ұясы мен жұмыртқасының басқа құстардікінен айырмашылығы неде?
Жаңа сабақ.
Үнтаспадан құстардың дауыстарын тыңдату.
- Балалар, бұл нелердің дауыстары?
- Құстардың.
- Құстар жайында не білесіңдер? (Құстар табиғатқа сән береді, ағаштарды зиянкестерден қорғайды, олар тіршілік иелері)
Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы.
Өнеріне басқанда,
Тұла бойың балқиды. (Бозторғай)
Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз: Бозторғай - дала сәні.
Автор жайлы дерек беру.

Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқып беру.
Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.
Оқушыларға іштей оқыту.
Оқушыларға дауыстап оқыту.
Мәтін бойынша сұрақ - жауап.
Бұл мәтіннен бозторғай туралы қандай жаңа деректер білдіңдер?
Бозторғай қандай құс?
Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Дәптермен жұмыс:
Құстар - біздің досымыз. 3 сөйлемнен тұратын шағын шығарма жазу.
(Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстарды қамқорлыққа алу керек.)
Үнтаспада «Бозторғай» әні орындалып тұрады.
Жұмбақтар сайысы.
«Қалт еткізбей қағып ал,
Жауабын тез тауып ал»
Әуеде бір ноқат,
Тапжылмай қалқып тұр.
Әдемі бір ырғақ,
Аспаннан шалқып тұр.(Бозторғай)
Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай.( Қарлығаш)

Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар оны қорғаған. ( Аққу)

Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ соғады. (Тоқылдақ)

Халық болжамдары.
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса күн жылы болады, төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
Топпен жұмыс. Құстар жөнінде викторина сұрақтары.
Құстардың негізгі мекені не? (Ұя)
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (Бүркіт)
Қай ай құстың атымен аталады? (Көкек)
Қай құста мүлде ұя болмайды? ( Көкек)
Қандай құс хат тасушы атанған? ( Көгершін)
Құстың жүрегі минутына қанша рет соғады? (960)

Жаңа сабақты бекіту:
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Біріккен Ұлтар Ұйымының шешімі бойынша 1 сәуір Халықаралық Құстар күні болып белгіленген.
Қазақ халқы ертеден аң - құстарды киелі санаған. Сұлуды - аққуға, әншіні - бұлбұлға, ер жігітті - қыранға, ез жігітті - жапалаққа теңеген.
«Құс досымыз, қорғаймыз біз,
Сүп - сүйкімді, сүйеміз бозторғайды біз.
Ағашқа ұя жасаймыз ақ көңілмен.
Қанатты туысқанды қолдаймыз».

Ән «Бозторғай»
Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Әңгімені мәнерлеп, түсінікті оқу.
7 152
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Әңгіменің мазмұнын түсіндіру. Әңгіменің идеясын ашып талдауға үйрету. Бозторғайдың тіршілігі, дене тұрқы, наным - сенімдер туралы түсінік беру.
Бозторғай - дала сәні.
Бозторғай - дала сәні.
Құс - табиғат, өмір көркі.... Ертеде байлар мен патшалар, хандар бағында бұлбұл сайратып, үйінде тоты ұстаған, көлінде аққу жүздіртіп, қолына сұңқар қондырған. Боз даланың бозала таңынан шырылдап әнге басар құсы – бозторғай.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Әңгімені оқытып, мазмұнын ашу, жақсы мен жаман қылықтар туралы түсінік беру.
Бозторғай – дала  сәні
Бозторғай – дала сәні
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас ауылының М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаманбаева Алмагуль Балгабаевна
Қазақ әліпбиі
Қазақ әліпбиі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×