Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бозторғай – дала сәні

07 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бозторғай – дала сәні.
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын меңгерту.
Сабақтың міндеттері: а) Әңгіменің мазмұнын түсіндіру. Әңгіменің идеясын ашып талдауға үйрету. Бозторғайдың тіршілігі, дене тұрқы, наным - сенімдер туралы түсінік беру.
ә) Құстарға қатысты халық болжамдары, дәстүрлерді айта отырып, тілін, ой - қиялын ұштау. Құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
б) Табиғаттың жаршысы – құстарды қорғауға, қамқорлық жасап күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Оқытудың әдісі: көрнекілік, сұрақ – жауап, слайд.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. «Құмдағы құпия» әңгіменің мазмұнын сұрау
2. Сұрақ – жауап мазмұнын толықтырып әңгімелеу
3. Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
- Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
- Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
- Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
- Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
- Шағала келсе сең бұзылады.
- Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
- Бозторғай ән салса, күн ашық болады.
- Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын – шашынды болады деп күткен жөн.
- Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады.
- Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады.
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

ІІІ Жаңа сабақ
- Ендеше, біз бүгін бозторғайдың тағы қандай қыр - сырлары барын білеміз. «Бозторғай – дала сәні» әңгімесімен танысамыз.
(Күннің жады жазылады)
Марат Бекбосын қазақстандық жазушысы, Абай атындағы ҚҰПУ - нiң “Абайтану” ғылыми - зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкерi, филология ғылымдарының кандидаты.

1) Бозторғайдың сайрап тұрған даусын қосып, мәтін оқылады.
2) Оқулықпен жұмыс:
а) тұтас оқыту
б) тізбектеп оқыту
в) сұрақ – жауап әңгімелеу:
- Бұл мәтіннен бозторғай туралы қандай жаңа деректер білдіңдер?
(Қазір, бозторғай туралы, оның түрі, тіршілігі туралы толық мәліметті биология пәнінің мұғалімі Әлиева Аққүл апай таныстырады).

- Аңшылық өнерде бозторғайға қатысты қандай ырымдар бар екен?
(Тауып оқыту)
- Осы ырымдардың мәні неде?
Қазақ халқының дәстүрлі наным - сенімінде, әдет - ғұрпында киелі жануарлар – жақсылықтың жыршысы, берекенің бастауы, бақыт әкелуші, ырыс - құттың нышаны деп білген.
Халқымызда Киелі жануарларға құмырсқа, дәуіт, тасбақа, қарлығаш, бүркіт, аққу, тырна, арқар, киік (ақбөкен), төрт түлік мал жатады.
- Балалар, сендер мал, аң, құс, жәндіктерге байланысты тағы қандай наным – сенімдерді білесіңдер?

Дәуіт – құс ұясындағы жазықсыз қызылшақа балапандарды құтқарушы. Үйге дәуіт кірсе, бәріміз қуанып, енді жақсылық болады, бақытты боламыз, отбасымыз аман болады деп айтамыз. Аққу – пәктіктің нышаны.

Қазақ төрт түлік малды қастерлеген. Киелі малды сатқанда, не тарту еткенде жылқының ноқтасын, жүгенін, түйе мен сиырдың бұйдасын, бүркіттің томағасын, иттің қарғы бауын бермей алып қалады.
Сол малдың киесі үйде қалсын, әрі қарай малдың басы өсіп, көбесін.

Қарлығаш – адамның досы.
Төле бидің “Қарлығаш” деп аталуы жөнінде аңыз бар. Аумалы - төкпелі заманда Ташкент маңайындағы қазақтар тұтқиылдан келген жаудан үрке көшкенде Төле би Ақбұрқан жайлауында көшпей отырып қалады. Бір күні жоңғар жаушылары келіп, Төле биге сені хан көшсін деп жатыр дейді. Сонда Төле би айтыпты: “Ата - бабамыздың әдеті бойыша шаңыраққа ұя салған қарлығаш балапандарын ұшырғанша көшпей отыра береді. Мен ол салтты бұза алмаймын. Ханыңа солай айта бар” депті. Хабарды естіген хан ойланып: “Ойпырай - ай, ә, мынасы бір жақсы дәстүр екен, жарайды, тимей - ақ қойыңдар”, — десе керек.
Міне қазір де наным – сенімдерді, дәстүрлерді ұстанып келеміз.
3 204
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып - өсуі туралы түсінік беру.
Бозторғай - дала сәні
Бозторғай - дала сәні
Астана қаласы, №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аужанова Гүлден Елтайқызы
Бозторғай – дала  сәні
Бозторғай – дала сәні
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас ауылының М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаманбаева Алмагуль Балгабаевна
Құстар
Құстар
БҚО, Орал қаласы, №14 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақболатова Лунара Төлегенқызы
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға селосы, Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темірова Мұхсина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×