Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің көлік

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 - сынып
Тақырыбы: Біздің көлік
Мақсаттары: Оқушылардың көлік түрлері мен оның атқаратын арнайы қызметтері туралы білімдерін кеңейту. Кездейсоқ жағдайларға байланысты телефон нөмірлерін теріп, арнайы машина шақыруға үйрету.
Оларды күнде көріп жүрген заттардан абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу.
Қиын жағдайда адамдарға қол ұшын беруге тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құрал - жабдықтар: машиналардың макеттері, суреттер (слайд), 101, 102, 103, 104 машиналары, «Біздің көлік», «Арнайы көліктер» деген жазу, кесте
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін аптаның қай күні? (сәрсенбі)
Бүгінгі сабаққа сәрсенбінің сәттілігін тілеп, бір - бірімізге жарқын жүзбен қарап, сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: деңгейлік тапсырмалар
І деңгей: Астана қаласы туралы айт, үйде салған суреттерінен көрме ұйымдастыру
ІІ деңгей: Алматы қаласы туралы айт, үйде салған суреттерінен көрме ұйымдастыру
ІІІ деңгей: Астана қаласы қашан астана болып белгіленді? Астана туралы жаттаған өлеңді есіңе түсіріп айт

ІІІ. Жаңа сабақ. Психологиялық дайындық. Ойын «Немен баруға болады?»
Тақтада сурет, онда ауыл мен қаланың ортасында өзен, өзеннің үстінен көпір өтеді. Аспан, жол, темір жол бейнеленген. Жұмбақты шеше отырып суретті толықтыру.
Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты. (Ұшақ)

Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет (Тік ұшақ)

Жүргіздім бір үйімді,
Жүйткісе жұрт сүйсінді.
Бар жолмен жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр. (Автобус)

Жалы – темір,
Жолы – темір.
Темір атты, зымыраттым.(Трамвай)

Қос ішекке қонақтаған каланы
Қара тұлпар алға сүйреп барады. (Поезд)

Үтікке міндім,
Мұхитқа жүздім. (Кеме)

Қамшыласаң жүрмеймін,
Мініп алып тебінсең,
Кідіруді білмеймін. (Велосипед)

Кеудесінде қаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді,
Су ішеді. (Машина)

Жауаптарын тақтаға суретпен шығарып отырамын.
- Жұмбақтар не туралы? Бір сөзбен бұлардың барлығын қалай атаймыз? Ал көліктер кімге керек?(бізге)
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Біздің көлік» тақтада көлік суретінің арасынан тақырыптың атауы шығады. Мақсатын айту.

ІҮ. Топтастыру
- Сонымен бізге көліктер не үшін керек?( жауап алу) Мына суреттерге қарап отырып, көліктерді қандай топтарға бөлуге болады? Көліктер қай жерде? тақтадан кесте шығады:
Көлік түрлері
Жер
Әуе
Су

(жер көліктері, әуе көліктері, су көліктері) кестеге машина, автобус, такси, трамвай т. с. с.; ұшақ, тікұшақ; кеме, қайық деген сөздер жазғызу.
- Балалар, бұдан басқа ауылда қандай көліктерді қолданады? (Түйе, есек, ат) Олар жүкті қалай тасиды? (арба жегіп алады) Бұлар көліктің қандай түріне жатады? (арба көлігі) суреттерін слайдпен көрсету.
- Біз қалада тұрамыз. Елімізде жыл сайын машина, автомобиль түрлері көбеюде. Соған байланысты, жолда, көшеде қозғалыс та күрделенуде. Мұндай жағдайда жүргізушілер де, жаяу жүргіншілерде өте сақ болу керек. Егер сақ жүрмесе жазымға ұшырауы мүмкін. Әсіресе сендердей кішкентай балалар! Ал жазымнан аман болу үшін не істеу керек? Нені білу керек? (көше тәртібін) - Жолдан қалай өту керек? (суретпен жұмыс)

Ү. Сергіту сәті: ойын «Бағдаршам»
Қызыл түсті көрсетсе - тоқта (бәрі тұрады)
Сары түс көрсетсе - дайындал (екі жағына кезек қарайды).
Жасыл түс көрсетсе - жүр (орнында біраз жүреді)

ҮІ. Оқулықпен жұмыс: 101 беттегі «Біздің көлік» тақырыбын ашып, тізбектеп оқып шығу.
- Қандай көліктерді арнайы көліктер дейді? Тақтадан көрсету (оқулықтағы суретті көрсету)
- Олар неге солай аталады? (адамдарға көмек көрсету үшін көрсететін қызметіне байланысты жабдықталған. Мысалы «өрт сөндірушілердің» өрт сөндіруге арналған су, саты, т. с. с заттары бар, «жедел жәрдемде» адамның өмірін сақтап қалуға арналған неше түрлі аппараттар, тез арада көмектесетін дәрі - дәрмектер бар)

ҮІ. Жағдайлар шешу
- Кездейсоқ жағдайлар туындағанда қандай арнайы машиналар шақырамыз?
- Қазір сондай кездейсоқ жағдайларды өзіміз шешіп, қайда телефон шалу керек, қандай машина шақыру керек екенін үйренеміз.
Топтарға жағдайларды қағазға жазып, таратып беру. - Бұл жағдайларды топпен отырып шешесіңдер де, біреуін жауап бересіңдер!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Transport (Көліктер)
Transport (Көліктер)
Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету.
Күнделікті өмірдегі көліктер
Күнделікті өмірдегі көліктер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Болысбаева Майгүл
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Г. Агайдарова
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×