Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көлік түрлері

06 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Көлік түрлері.
Мақсаты: Көлік түрлері туралы білім беру. Су, ауа, жер үсті көліктері түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту. Ойын ойнату арқылы балалардың білімдерін тиянақтау, өз ойларын еркін айта білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Бір - бірімен достық қарым - қатынаста ойнауға, үлкен - кішіге көмек беруге, жол тәртібін сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.
Қолданылатын құрал: Суреттер, көлік түрлері, жол белгілері, техникалық құрал - жабдықтар, бағдаршам, слайд.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздерге бүгін қонақтар келіп отыр. Кәне, енді келген қонақтармен сәлемдесіп, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік.
Шаттық шеңбер.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенмен,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
- Өте жақсы, балалар!
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)
- Қыс мезгілінің айларын атайықшы. (Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Күн боран болады, қар жауады, аяз түседі, ағаштарды аппақ қылып қар басады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Балалар, сендер қазір балабақшаға немен келіп жүрсіңдер?
- машинамен, шанамен.
- Балалар, қазір қыс мезгілі болғасын қар қалың, жер тайғақ болады. Жолда келе жатқанда абай болуымыз керек. Машина жүретін жолдан жан - жағымызға қарап өту керек және жолға жақын жүріп ойнамауымыз керек.
Балалар, қараңдаршы біздің поштамызға хат келіп тұр. Хатты ашып оқып көрейікші.
Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді, су ішеді.
Бұл не екен, балалар? (машина)
- Дұрыс па, екен балалар? Қазір қарап көрейік.
-(машина суреті шығады.)
- Балалар, ненің суреті?
- Машинаның.
- Қандай машина, білесіңдер ме?
- Ия. Жеңіл машина.
- Балалар, машинаның адамдарға қандай пайдасы бар?
- Машина адамдарды баратын жеріне тез апарады. Ауыр заттарды тасиды. Алысты жақындатады. Көптеген пайдасы бар.
- Машина жүргізетін адамды жүргізуші деп атаймыз. Кез - келген адам машина жүргізуге болмайды, машина жүргізу үшін оқып, арнайы куәлік алады.
Машина жүргізу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. Ол үшін ең алдымен бағдаршамды білуіміз керек ия. Біздің Ембіде бағдаршам бар ма?
- Жоқ.
- Бағдаршам қай қалада бар?
- Ақтөбе қаласында. Және сол сияқты үлкен қалаларда бар. Бағдаршам не үшін керек балалар? Оны біз Білімпаз атадан сұрайық?
- Балалар, есімізге түсіріп біліп алдық па?
- Сонымен қызыл түс жанғанда не істейді?
- Машиналар тоқтайды.
- Сары жанғанда?
- машиналар дайындалады.
- Жасыл жанғанда?
- Машиналар жүреді.
- Өте жақсы, балалар! Әрбір жүргізуші жол қауіпсіздігін білуі керек.
- Мынау қандай машиналардың суреті?
- Жеңіл машина мен жүк машинаның суреті.
- Өте жақсы. Жеңіл машинамен адамдар жүреді, ал жүк машинамен ауыр жүктер, заттар тасиды.
- Мынау автобус пен троллейбус суреті. Автобус пен троллейбуспен жолаушылар жүреді. Көліктермен жол жүрушілерді жолаушылар деп атаймыз. Жол жүргенде мәдени мінез - құлық ережелерді сақтауға міндетті.
- Мынау арба, велосипед. Бұлар да көлік түрлеріне жатады. Адамның еңбегін бұл көліктер де жеңілдетеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 886
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Көбелек
Көбелек
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×