Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлінгіштің жоғары разряд бірліктері бөлгіштен кем болған жағдайда бір таңбалы санға бөлу

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Бөлінгіштің жоғары разряд бірліктері бөлгіштен кем болған жағдайда бір таңбалы санға бөлу.
Мақсаты:
1. Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу дағдыларын жетілдіру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін, ұжымшылдықтарын дамыту.
3. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Ойын сабақ
Әдісі: ойын, көрнекілік, сұрақ - жауап, ізденушілік, топтық
Көрнекілігі: Магнитті тақта, Алтын қақпа, сигналды карточка, сандар. компьютер
(Оқушыларды алдын - ала топтарға бөліп отырғызу)
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкен деген сіз
Кіші деген біз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру №3. 128 бет
Әр топ өзінің шығарғанын оқиды. Дұрыс болса, сигналды карточканың қызыл жағын көтереді, қате болса, көк жағын көтереді.(Әр топқа сұрақтар қою)
- Жылдамдық пен уақыт белгілі болса, қашықтықты қалай табамыз?
- Қашықтық пен уақыт белгілі болса, жылдамдықты қалай табамыз?
- Қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, уақытты қалай табамыз?
- Сендермен біз көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлуді үреніп жүрміз. Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлгіштен үлкен болған жағдайда бір таңбалы санға қалай бөлеміз? Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлгіштен кем болған жағдайда бір таңбалы санға қалай бөлеміз?
- Қазір ендеше сендерден үй тапсырмасын тест арқылы тексеріп кетейін
(Тест таратылады) Тақтаға жазамын, өздері тексереді. бағалайды.
Сөзжұмбақ шешу. «Алтын қақпа»

Ойын шартымен таныстыру.
Темір қақпа - 10 ұпай
Күміс қақпа - 20 ұпай
Алтын қақпа - 30 ұпай
Сандықтағы затты табу

- Қазір темір қақпаны ашу үшін біз тапсырмасын оқиық.
(1 бала шығып, тапсырманы оқиды) № 2 есепті шығарайық
1 – топ 1250*5=6250
2 - топ 3025*5=15125
3 - топ 1317: 3=439
- Жарайсыңдар. Қай топ бірінші шығарады. Сол топ 10 ұпай алады. Басқа топтың да балаларын тексеремін. Дұрыс болса, сигналды карточканың қызыл жағын көтереді, қате болса, көк жағын көтереді
(Бірінші боп шығарған топтың оқушысы келесі қақпаның тапсырмасын алып оқиды.)

Күміс қақпаны ашу үшін біз № 4 есепті шығарайық
1 – топ (1268*3 - 5655: 5)+1528=4201
2 - топ (2799: 9+2502*5)- 7205=5616
3 - топ (2105: 5+280*2)- 720=261
Жарайсыңдар. Қай топ бірінші шығарады. Сол топ 20 ұпай алады.
Басқа топтың да балаларын тексеремін. Дұрыс болса, сигналды карточканың қызыл жағын көтереді, қате болса, көк жағын көтереді
(Бірінші боп шығарған топтың оқушысы келесі қақпаның тапсырмасын алып оқиды.)

Сергіту сәті «Күншуақ»
(Орындарынан тұрып орындайды)
Алтын қақпаны ашу үшін біз № 7 есепті шығарайық
Басқа топтың да балаларын тексеремін. Дұрыс болса, сигналды карточканың қызыл жағын көтереді, қате болса, көк жағын көтереді.(Бірінші боп шығарған топтың оқушысы келесі қақпаның тапсырмасын алып оқиды.)

1 – топ Шартын оқып, талдап, тақтаға жазу
- Шартында не туралы айтылған?
- Екі күнде бірдей жылдамдықпен жүрілген жол
– Не белгілі? - Әр күні жүрілген сағаты
- Есеп бізден не сұрайды?
- Қандай жылдамдықпен қозғалғанын
- Есепті бірден шешуге бола ма?
- Жоқ.
- Неге?
- Алдымен екі күнде жүрген сағатты табамыз, сосын қашықтықты сағатқа бөлсек, жылдамдық шығады.
1 күні - 3 сағ 2 күні - 4 сағ
екі күнде - 42 км. Жылд.-?
Ш: 42:(3+4)= 6 км/сағ Ж: Екі күнде 6 км\сағ жыламдықпен қозғалды.

2 - топ Шартын оқып, талдап, тақтаға жазу
- Шартында не туралы айтылған?
- Ағаш шебері мен оның көмекшісінің кітап сөресін жасағаны туралы
– Не белгілі? - Ағаш шебері мен оның көмекшісінің кітап сөресін жасағаны
- Есеп бізден не сұрайды?
- Барлық жұмысты неше сағатта бітіретінін
- Есепті бірден шешуге бола ма?
- Жоқ.
- Неге?
- Алдымен екеуінің істеген сөресін табамыз, сосын жасауға тиіс кітап сөресінің санын екеуінің бірге бір күнде істеген кітап сөрелеріне бөлсек, барлық жұмысты неше сағатта бітіретіні шығады
Жасауы керек - 217 кітап сөресі
Ағаш шебері - 18 кітап сөресі
Көмекшісі - 13 кітап сөресі
Бітіреді -? күнде
Ш: 217:(18+13)= 7 күнде Ж: 7 күнде бітіреді.

3 - топ Шартын оқып, талдап, тақтаға жазу
Әкелінді - 10қорап печенье әрқ. 9 будадан
1 буда - 100тг. Болса
Түседі -? тг.
Ш: 9*10= 90 90*100 = 9000 тг Ж: Дүкенге 9000 тг ақша түседі.
Жарайсыңдар. Қай топ бірінші шығарады. Сол топ 30 ұпай алады.
Басқа топтың да балаларын тексеремін.
(Бірінші боп шығарған топтың оқушысы келесі қақпаның тапсырмасын алып оқиды.)
Жарайсыңдар, Алтын қақпаның да тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар. Енді сандықта не жатқанын көрейік. Оны табу үшін логикалық тапсырманы орындайық. 1 минут беріледі. Спикерлер қорғайды
1 – топ *Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?

2 - топ *Немересі атасынан: "Жасыңыз нешеде? "деп сұрады. Атасы: - Егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда мен 100 жасқа толар едім -, дейді. Атасының жасы нешеде?
3 - топ *Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

Логикалық тапсырманы бірінші және қатесіз орындаған топқа 40 ұпай беріледі.
Сандықтың ішінен алтын кілт – білімнің кілті шығады.
Сабақты бекіту. №10 Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу тақырыбына байланысты: Топпен жұмыс. 10 ұпай
Топтың ұпайларын санау. Марапаттау, мадақтау
Қорытындылау. - Сабақ сендерге ұнады ма?- Несімен ұнады?(Тақтаға өз пікірлері жазылған парақшаны смайликке ілу)
Үйге тапсырма
3 435
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін жаңа технологияның элементтерін тиімді пайдалана отырып деңгейлік тапсырма беру барысында оқушыларға тақырыпты ұғындыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; жылдамдыққа,
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Не білу керек: бөлінді, көбейткіш пен бөлінгіште нөл болған жағдайда екі таңбалы санға бөлуді және көбейтуді білу; Не істей білу керек: есептеуде жазбаша тәсілдерді қолдана білу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×