Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоян. Міржақып Дулатов

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қоян. Міржақып Дулатов
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылар қыс мезгіліндегі аңдардың тіршілігі туралы оқып үйренеді, топтық жұмыстарды орындауға бейімделеді;
ә) Өз ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысы қалыптасады, оқу техникасы жетіледі;
б) Табиғаттан үйрену арқылы зерделі болуға, бақылағыштыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, АКТ
Көрнекілік және қажетті құралдар: Дидактикалық материалдар, оқулық, дәптер, қалам.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Мағжан Жұмабаев «Аққала» өлеңінің бір шумағын жатқа мәнерлеп оқу.
- Аққала өлеңінде қыстың қандай бейнесі суреттелген?
- Көңілді.
- Ал сендердің көңіл – күйлерің қандай?
- Көңілді (Орнында отырып смайлик көтеру).
- Олай болса жоғары көңіл күймен үй тапсырманы қаншалықты игергенімізді көрсетейік. Ол үшін біз топтарға бөлініп алайық.
Қызығушылықты арттыру. Жұмбақ жасыру.
1. Секектеп бір тұрмайды, Өреден құрт ұрлайды. (Сауысқан).
- Өре сөзі бізге таныс па?
2. Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян).
- Қар ұлпаларының артына қоян және сауысқан сөздерін жазып тарату ақылы екі топпен жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызу. (Әр топта 11оқушыдан болады)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Аққала жасау» ойыны арқылы сұрақ - жауап, әңгімелеу әдісі қамтылады.
1. Қысқы ойын түрлерін айт. (сырғанақ, аққала, коньки, шаңғы тебу, хоккей)
2. Аққала өлеңінің авторы жайлы не білесің?
3. Өлеңде ақын қолданған көркем сөздерді ата.
(күміс қарға көбіктей, сүңгіп алып сүліктей, күлкілері - меруерт)
4. «Қарды соғып төрт бұрыш» деген жолдан бастап өлеңді жатқа айт.
5. Өлеңде «кесеге» сөзінің мағынасы нені білдіріп тұр? (мұнда: қатқан қардан кесек ойып алу)
6. Қыс айында құстар қалай тіршілік етеді? (отырықшы құстар туралы айту).
7. Аңдар қыста тіршілігін қалай жалғастырады?

ІІІ. Жаңа сабақ. (жалпы 20 минут)
1. «Ойлы бала озар» Көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеру.
Суретке зер салып, бес түрлі айырмашылығын тап. (1 минут)
(Жауабы: 1. Сауысқанның басы жоғары қарап тұр, төмен қарап тұр.
2. Құйрығы жоғары, жатық. 3. Қоянның құлағы тік, жатық.
4. Қоянның көзі ашық, жабық. 5. Қоян ағаштың сол жағында, оң жағында)

2. Топтық жұмыс. Суретте көрсетілген аң мен құс туралы не білесіңдер?
«Топтастыру» стратегиясын қолдану. 3 минут.
Сауысқан тобынан күтілетін жауаптар: тірі табиғат, құстар класына жатады, отырықшы құс, қыстап қалады, өте сақ, ұрлық жасайды, жәндіктер және өсімдік қабығындағы дернәсілдермен қоректенеді.
Қоян тобынан күтілетін жауаптар: тірі табиғат, аң, өйткені денесін жүн басқан, қоян баласы - көжек, жыл мезгіліне сай киімін өзгертіп, жауынан қорғанады, өте көбейгіш, үш ай сайын көбейеді, бірақ мейірімсіз, көжегін тастап кетеді.

3. Сергіту сәті. (1 минут) Қоянға тиісті іс - әрекет айтылса, қоян қимылын салу, сауысқанға тиісті іс - әрекет айтылса, сауысқан қимылын салу. (3 – 3)

4. Оқулықпен жұмыс. 168 - беттегі мәтінге назар аударайық. «Қоян»
5. Автор тану. М. Дулатов туралы түсінік беру. (слайдпен жұмыс) 3 минут.

6. «Өзім үшін» стратегиясы. (СТО) - Тақырып хабарланады «Қоян»;
- Әркім өзі үшін мәтінді іштей оқиды; 3 минут.
- Әркім өзі үшін қажетті мәліметті түртіп алады;
- Топта сурет салуда қолданады.
- Қорытынды пікірлер сұралады. Постер қорғауда
қамтылуы керек мәселелер: (слайдтан көру)
- Қоян құлағын түріп не істеді?
- Келе жатқан кімдер еді? 10 минут
- Олар не жайлы әңгімелесті?
- Қоянның саяхаты немен аяқталды?

ІҮ. Қорыту. Бағалау.
- Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?
Енді осы қоянның алты жақты қыры неде екенін сараптайық.
«Кубизм» стратегиясы.
Байланыстырыңыз. (Пайдалы жағын өмірмен байланыстыру)
Қарсы шығыңыз. (Зияндылығы)
Саралаңыз. (Шығу тарихы, неден?)
Салыстырыңыз. (Екінші бір нәрсемен)
Суреттеңіз. (Сипаттау)
Қолданыңыз. (Қоян рөліне ену)
- Оқушылардың топтық жұмыстардағы белсенділіктерін, жинаған қар ұлпаларының санын есептеп, жеке және топтық бағалауды ұйымдастыру.
7 - 6 қар ұлпа жинаған оқушы – «5» бағасын,
5 - 4 қар ұлпа жинаған оқушы – «4» бағасын,
3 - 2 қар ұлпа жинаған оқушы – «3» бағасын алады.

Ү. Үй жұмысын беру.
1. Міржақып Дулатовтың «Қоян» әңгімесін оқу, түсінігін айту.
2. М. Дулатов шығармашылығы, қыста аңдар мен жануарлар тіршілігі туралы өзің оқыған кітаптан, көргеніңнен, естігендеріңнен мәлімет жина.
4 647
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
М. Дулатов Мектепке. Мектептен
М. Дулатов Мектепке. Мектептен
М. Дулатовтың өмірбаянын өткен сабақтағы тапсырмалар арқылы толықтыру, өлеңді дауыс ырғағына келтіріп оқуға, мазмұнын түрлі тапсырмалар арқылы әдеби тілде ашуға үйрету.
Мағжан Жұмабаев «Аққала»
Мағжан Жұмабаев «Аққала»
Мағжан Жұмабаевтың «Аққала» өлеңін оқыта отырып, қыс мезгіліндегі балалардың ойын түрлерін таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Балалар, біз бүгін аңдардың көктемгі тіршілігі туралы айтып, сөйлесеміз. Қане, алдымен суретке қарап, аю және киік туралы не білесіңдер? Олар көктемде қалай тіршілік етеді, деп ойлайсыңдар?
Қайырымды қоян
Қайырымды қоян
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының бастауыш сынып мұғалімі: Шоныкбаева Айсапар Есенгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×