Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев «Аққала»

01 наурыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ
Суйербаева Ж. Е.

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Аққала»
Сабақтың мақсаты: 1. М. Жұмабаевтың «Аққала» өлеңін оқыта отырып, қыс мезгіліндегі балалардың ойын түрлерін таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
2. Оқушылардың тіл байлығын және шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойларын дамыту.
3. Табиғатты сүюге, достыққа, таулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер, ойын элементтері, М. Жұмабаевтың суреті.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдіс тәсілдері: Интерактивті әдістер, көрнекілік әдісі.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп сабаққа әзірлеп алу.
Хормен: Ойға білім тоқимыз,
Айырықша мол үмітпен.
Ана тілін оқимыз,
Ерекше зор құрметпен.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- А. С. Пушкин «Қысқы кеш» және М. Иманжанов «Қысқы кеш» шығармаларын оқып дайындалу.
- Кәне кім айтады?

ІІІ. Білімдерін тексеру
1. Сызбамен жұмыс
• А. С. Пушкин «Қысқы кеш» айырмашылығы -------------
• Ұқсастығы ----------
• М. Иманжанов «Қысқы кеш» айырмашылығы -------------

2. Тірек сөздер беріп, «Қысқы кешке» әңгіме құрату.
Қара боран, қарлы құйын, ұлыған аң, жылаған бала, ауыл ақ қар жамылып, терезені тырс - тырс қағады.

ІV. Мақсат қою кезеңі
Ребус шешу
Сырғанақ
Жұмбақ шешіп, аққаланы құрастыру
Жұмбақтар:
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2. Суға батпайды
Отқа жанбайды. (Мұз )
3. Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс )
- Бұл не?
Бұл аққала.
- Олай болса, балалар, біз бүгін М. Жұмабаевтың «Аққала» өлеңімен танысамыз.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
А) «Пікір ағашын толтыру»
Мағжан
Ақын, педагог, 4 жасында білім алған, алғашқы ұстазы Ахмет, әкесі Бекен, анасы Гүлсім, атасы Жұмабай, Қызылжар мен Уфада білім алған.
Ә) Слайдпен жұмыс
Б) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
В) Сөдік жұмыс (Кесеге қатқан қардан кесек ойып алуға)
Г) Өлеңді оқыту
Ғ) Дәптермен жұмыс
Көркем сөздерді жазып алу. Омбы қар, томпаңдаған топ бала, аққала соқпақ, күміс қарға, аққала соға бастады, шаттықтың шегі жоқ, беттері бүлдірген, күлкілері меруерт
Д) Сергіту жаттығу
Шаңғы, шана сайла
Конькиіңді байла
Думандатып ойна
Қыс қызығын тойла

VІ. Түсінгендерін тексеру

Тірек сөзді пайдаланып әңгіме құрату
Мәтін соңындағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу
Шығармашылық тапсырма
«Ұйқасын тауып жалғастыру»
Қар жауады......
Ойнауға жақсы - ақ.
Осындайда..........
Кім үйде жатпақ?

VІІ. Сабақты қорыту

Топтық жұмыс арқылы қорыту
І топ «Қыс»
ІІ топ «Қысқы ойындар»
ІІІ топ «Қысқы еңбек»
ІУ топ «Қысқы мейрамдар»
Тәуелсіздік мейрамына тақпақтар айту
Оқушылар білімін бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқуға, жарты бөлімін жаттау, сурет салу.

Толық нұсқасын жүктеу
6 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аққала мен - ақ бала
Аққала мен - ақ бала
Оқушыларға әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі барын түсіндіре отырып қыс қызығымен таныстыру. Табиғатты сүюге, қысқы таза ауа туралы айта отырып салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған әлемді танып білуге деген ынталарын дамыту.
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау; өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу
Балапан қанат қақты. М. Жұмабаев
Балапан қанат қақты. М. Жұмабаев
Мағжан Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. «Балапан қанат қақты» әңгімесінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Мағжан Жұмабаев "Қысқы жолда" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Қысқы жолда" өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бенйеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борина Аккенже
Сөйлем. Сөз. Аққала
Сөйлем. Сөз. Аққала
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Раушанова Жанаргүл Мақсотқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×