Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығыс септік

19 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік
Сабақтың мақсаты:
1. Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру
2. Жаттығулар орындата отырып шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, қима үлестірмелі қағаздар, суреттер.

Сабақтың барысы:
I. а) Психологиялық дайындық
Кел, балалар, күлейік
Күліп өмір сүрейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік
1, 2, 3,
- Ха, Ха, Ха
1, 2, 3,
- Хи, Хи, Хи

Сыныпты топқа бөлу
ә) Үй жұмысын тексеру
Жаттығуды дәптерден оқыту, талдау.
Сиқырлы ұяшық ойын
I топ. 1. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата
2. Қой сөзін септе?

II топ. 1. Септік жалғаулары дегеніміз не?
2. Ілік септік жалғауларын ата?

III топ 1. Зат есімнің септелуі деп неге айтады?
2. – ны, - ні, - ды, - ді, қай септіктің жалғаулары?
Үй тапсырмасын қорытындылау
II. Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ребус шешу.
Шар, ыдыс, шаңғы, сағат

III. Жаңа сабақ: Шығыс септік
а) Оқулықпен жұмыс: 67 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Олардың қай септікте тұрғанын айту.
Жаңбырдан соң көңілді,
Аспаннан нұр төгілді.
Сергіп қалды жер беті,
Кемпірқосақ керілді

68 – жаттығу: Мәтінді түсініп оқы. Шығыс септікте тұрған сөздерді тауып, олардың жалғауларын ата.
I топ. Мәтін бойынша түсінік айту
II топ. Сурет бойынша әңгімелеу.
Қымыз тұралы не білеміз? Қымыздың емдік қасиеттері?
III топ. Қымыз сөзіне бес жол өлең құрастыру
ә) Ережені меңгерту.
Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септік жалғаулары: - дан, - ден, - тан, - тен, - нан, - нен.
б) 69 – жаттығу: Мақалдарды көшіріп жаз, сөйлем мүшесіне талда. Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт.
1. Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар.
2. Отан оттан да ыстық.
3. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
Сергіту сәті:

70 – жаттығу. Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді тап. Бұл сөздерге шығыс септік жалғауының әр түрлі жалғану себебін түсіндір.
Топпен жұмыс.
I топ: Өлеңді мәнерлеп оқы, шығыс септікте тұрған сөздерді тауып, жалғауларын белгіле.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.

II топ. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап, астын сыз, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Дәрі шөптен шығады
Дана көптен шығады.

III топ. Жұмбақты шеш, шығыс септікте тұрған сөздердің астын сызып, сұрақ қой.
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бірақ жортады.
Кіп-кішкене арадан,
Үп-үлкен боп қорқады.

Қорытынды: Күн шұғыласы ойыны
Жедел сұрақтар:
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
2. Сөйлемнен шығыс септікте тұрған сөзді тап: Кеше Сәуледен хат келді.
3. Шығыс септіктің сұрақтарын айт.
4. Шығыс септіктің жалғауларын айт.
5. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап, мектептің, мектепке, мектепте
Үйге тапсырма
Бағалау
5 582
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру арқылы өзгешеліктерін байқату.
Жатыс септік
Жатыс септік
Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Шығыс септік
Шығыс септік
Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Умиралиева Молдир Балгабаевна
Шығыс септік
Шығыс септік
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×