Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табыс септік

26 қаңтар 2019, Сенбі
Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Табыс септік
Сілтеме: қазақ тілі оқулығы, 4 сынып «Атамұра» баспасы
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі. Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын және өзіндік ерекшелігін меңгереді.

Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)
1. Сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару
2. Ынтымақтастық атмосфера құру
3. Атау, Ілік, Барыс, Табыс септігінің сұрақтары арқылы топтасады.
(Кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Қайда? Кімді? Нені?)

Қызығушылықты ояту: (3 минут)
«Тікелей эфир» әдісі бойынша:
Өткен сабақтарды қайталау мақсатында Балнұр, «бейне жазбадан» өзінің дайындаған сұрақтарын қояды.
1. Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды не деп атайды? (септік жалғаулары)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін не дейді? (зат есімнің септелуі)

Білу:
Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмасы: (5 минут)
«Ой шақыру»
Ойын: Ата мен әженің өз заттарын жинап бер.

48 - жаттығу. Оқытып, көшіріп жаз.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олар қай септікте тұрғанын айт. Табыс септік жалғауының астын сыз.
Айжан кітапты көп оқиды. Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді. Әкесі Әселді мұражайға апарды. Шекараны шекара - шылар күзетеді. Ұшқыш ұшақты ұшырады.
Табыс септік жүктеу
13 771
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көмектес септік
Көмектес септік
Өткен сабақтармен сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Жатыс септік
Жатыс септік
Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Көмектес септік
Көмектес септік
Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мүғалімі Е.Ж.Калиева
Шығыс септік
Шығыс септік
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×