Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығыс септік

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындата отырып, шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Ассоциация, семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест, екі жақты түсіндірме күнделік, ішіне - сыртына.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Әрбір адам досым, сыныптасым,
Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық
Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену.
І. Қызығушылығын ояту
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Септік жалғаулары дегеніміз не?
- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
«Септіктер» ассоциация құру.

Семантикалық карта.
Сөздер ------------------Атау септік --------Ілік септік ------Барыс септік -----Табыс септік ----Жатыс септік
Бөлмеде, құмда,
Айданада
Суретшінің, ағаштың,
оқушылардың
Оқушы, кітап, ағаштар
Шеңберді, саңырауқұлақты,
Әсемді
Ауылға, мектепке,
Сәулеге

«Қайың» сөзін септеу.

ІІ. Мағынаны тану.
Көркем жазу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.
Оқушылар кітапханадан кітапты алды. Асан хабарды газеттен оқыды. Терезеден зәулім ағаштар көрінеді. Марат досынан кітабын алды.
Ережені меңгерту.
Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септік жалғаулары: - дан, - ден, - тан, - тен, - нан, - нен.
Оқулықпен жұмыс.
1 - Жаттығу. Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түбірімен қосымшасын тап.
2 - Жаттығу Мақал - мәтелдерді оқы. Шығыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қой, жалғауын тап. Мақалдың мағынасын жаз.
Екі жақты түсіндірме күнделігін толтыру.

Мақалдар ------------------------------------- Мағынасы
Шегірткеден қорыққан егін екпес …………….
Баладан мін табылса,
Ата - анаға сын тағылар..........
Түлік төлден өседі........
Қорқақ көлеңкесінен де қорқады..............

Сергіту сәті.
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір – бірімен шатастырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.
Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Жаттап алсаң балақай,
Зат есімді септе тез.

Ребусты шеш. Ай, гүл
Осы сөзді қатыстырып септік түрлеріне қойып сөйлем жаз.
Айгүл мектепке келді. Айгүлдің мінезі ашық. Мен Айгүлге кітап сыйладым.
Мейіржан Айгүлді қонаққа шақырды. Айгүлде ертегі кітаптар көп. Айгүлден
үлгі алуға болады. Жандос Айгүлмен мұзайдынға барды.

Ұжыммен жұмыс. «Ішіне – сыртына»
Тарыдан, жазда, ұшақты, көлдің, орман, сүттен, балалар, өсімдіктің, Сәулеге, кірпіштен, жұмысқа, қаптарды, өзеннен, тілден, сабақты, қоладан.
Ішіне --------- Сыртына

ІІІ. Толғаныс
Венн диаграммасы. Жатыс септік пен шығыс септікті салыстыру.
Жатыс септік
Шығыс септік

Тест жұмысы.
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 6 в) 7 с) 5
2. Сөйлемнен шығыс септігінде тұрған сөзді тап:
Кеше Сәуледен хат келді.
а) Сәуледен
в) келді
с) кеше
3. Шығыс септігінің сұрақтарын тап.
а) кімде? неде?
в) кімнің? ненің?
с) кімнен? неден?
4. Шығыс септігінің жалғауларын тап:
а) - да, - де, - та, - те
в) – дан, - ден, - тан, - тен
с) – ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
5. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.
а) мектептен
в) мектепте
с) мектептің

Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Зат есімдердің септелуін жаттау.
4 - Жаттығу Ребусты шеш және сол сөздерге шығыс септік жалғауын жалғап, сөйлем құрастыр.

Мұғалім: Әрбір адам Оқушылар: досым, сыныптасым
Мұғалім: Әрбір ісің Оқушылар: тірлік, тірек, адамдық
Мұғалім: Әрбір сөзің Оқушылар: шындық, бірлік, адалдық
Мұғалім: Әрбір сабақ Оқушылар: үйрену, оқу, іздену.
Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызды қызықты етіп өткізу, бір нәрсе үйрену
үшін бәріміз сабаққа қатынасамыз

Толық нұсқасын жүктеу
46 399
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру арқылы өзгешеліктерін байқату.
Жатыс септік
Жатыс септік
Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатканова Жаңыл Мукановна
Шығыс септік
Шығыс септік
Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Умиралиева Молдир Балгабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×