Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Диктант «Сауысқанның белгісі»

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Сауысқанның белгісі»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру. Орфография мен орфоэпияның айырмашылықтарын ажырата білу қабілеттерін тексеру.
Міндеттері:
Білімділік: - оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету;
- білімдерін тексеру;
- қос дыбысты әріптердің жазылуын пысықтау.
- қатемен жұмыс жасату;
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын арттыру,
- дыбыстарды ажырату дағдысын қалыптастыру,
- тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдістемелік тәсілдері: мәнерлеп оқу, түсіндіру, бақылау, өзін - өзі тексеру, қатемен жұмыс

Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі - 3мин.
Үй тапсырмасын тексеру - 5мин.
Жаңа сабақ - 20мин.
Сабақты бекіту - 5мин.
Үйге тапсырма беру - 3мин.
Қорытындылау - 6мин.
Бағалау - 3мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Сабаққа зейіндерін аударту.
Сабақты Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңімен бастау.

Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатты. Алаңқайлардан жүгіріп өтеді. Қалың ағаштардың арасынан ептеп жүреді. Бір бұтаға да соқтықпайды. Кенет ол жер бауырлап жата қалды. Балапандарын ертіп бөдене келе жатыр екен. Сол арада сауысқан шық ете қалды. Бөдене мен балапандары пыр етіп ұша жөнелді. Түлкінің әрекеті зая кетті. Бөдене түлкіден құтылып кетті.

Сергіту сәті
Тапсырма. 1. Балапандарын, ағаштардың деген сөздерді құрамына талда, белгіле.
2. Ептеп, зая сөздерін басқаша қалай айтуға болады?
- мұғалім мәтінді бір қайтара оқиды,
- қиын сөздерді талдап, мағынасын түсіндіріп, тақтаға жазылуын көрсетеді,
- мәтінді оқушылар талдайды,
- бір сөйлемнен тексере отырып жазады,
- қайталауға байланысты тапсырмалар орындайды.
Үйге тапсырма: ережелерді қайталау. Бағалау.
41 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диктант. Қыс туралы.
Диктант. Қыс туралы.
оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру, дұрыс жаза білуге баулу; ә) оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету; білімдерін тексеру;
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Дәрежелік функцияның графигі мен қасиеттерін түрлі есептер шығаруда қолдану; Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығы мен ой ұшқырлығын қалыптастыру;
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Математиканы пайдаланып табиғатты зерттеу
Математиканы пайдаланып табиғатты зерттеу
Аягөз аудандық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш пән мұғалімі Ожанова Айғаным Сымбатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×