Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ару ана - асыл ана

25 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Қыздардың Анаға деген құрмет пен ілтипатын мерекелік іс - шара арқылы білдіру. Аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Білімділігі: 8 - наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру. Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту.
Тәрбиелігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Нақыл сөздермен, түрлі – түсті шарлармен безендірілген.

Барысы:
Мұғалім: Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей, мереке қарсаңында біз аяулы — 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ардақты аналарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің, қымбатты қыздарымыздың осы бір тамаша мейрамы көктемнің келуімен тұстасып жатады. Көктем – бұл жаңа өмірдің бастауы, табиғаттың оянуы емес пе? Ендеше жылы шуақ ала келген осы бір мерекеде барлықтарыңыздың шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүздеріңізге күлкіге толы болсын демекпін!
Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, шығармашылық табыс, отбасында береке, жақындарыңыз бен туғандарыңызға амандық тілеймін! Аналар, арулар! Мерекелеріңізбен!

1 - Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Сіздерге арнап дайындаған, бүгінгі біздің концерттік бағдарламамызды сыйлық ретінде қабыл алыңыздар. Алдарыңызда орыс биі қабыл алыңыздар.
(Орыс биі биленеді)

2 - Жүргізуші Құрметті әжелер, аналар, апайлар, ұстаздар, қыздар! Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды мейрамдау дәстүрі 1914 жылдан кейін барлық елдерде нақ осы күні өткізілетін болды. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз әйелдердің теңдік алу және әлеуметтік прогресс үшін күресу ұранымен атап өтіледі.
Ардақты Аналар! Алдарыңызда Фазылова Альбина «Бейбітшілік күйімен»
(күй тартылады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Анаға құрмет - балаға міндет
Анаға құрмет - балаға міндет
Ананы сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Ананы туралы өлеңдердің, мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру. «Анаға құрмет - балаға міндет» екенін түсіндіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Көктем аруы
Көктем аруы
Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз.
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердибекова Акмарал
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×