Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сипаттау мәтіні

04 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы, Атакент кенті
В.Комаров КММ бастауыш сынып мұғалімі
Айнур Даужанова

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сипаттау мәтіні. 15 - 19 жаттығулар (слайд)
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылардың өзара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір-бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгертуге ынталандыру.
Сабақтың әдісі: аралас, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: АКТ, мәтін түрлері, суреттер, кестелер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
Психологиялық сәт: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Топқа бөліну: Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай 3 топқа бөліну.
1 топ: Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у);
2 топ: Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з;
3 топ: Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ,
Топ ережесін ұсыну.
Тәртіп сақтау;
Ой қосу;
Біреудің ойын тыңдау;
Ашуға жол бермеу;
Топты қолдап отыру.
(Жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту беріліп, жақсы жауап берген оқушының жақсы бағаға ие болатынын хабардар ету.)
Оқушыларға сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыптың атын табу. Ол үшін сұрақтың жауабын тауып, сол сөздің бірінші әрібін шашылған әріптердің ішінен тауып жазып отырамыз.
От басында құмған, Екі көзін жұмған. (Мысық)
Отбасы тірегі. (әке)
Қу, айлакер жырқыш аң? (түлкі)
Сүттен жасайтын тағам. (ірімшік)
Қасиетті тағам. (нан)
МӘТІН

ІІ. Білімді тексеру:
- Қазір қандай ай? Қазір қандай мезгіл?
Күз мезгілі. Күз мезгіліне байланысты екі - үш сөйлем құрап жіберейікші.
Күз
Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
- Мәтін деген не?
- Мәтін құрылымын ата?
- Мәтіннің басталуы,
Негізгі бөлімі,
Соңы болады.

ІІІ. Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді дәптерге жазу. Көркем жазу жолдарын толтыру.
Х х
Хат хайуанат саяхат шах
( Х дыбысы сөздің басында, ортасында да, аяғында да кездеседі).
ІV. Мақсат қою кезеңі:
Ереже:
Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс - қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?
Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?
Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?
Мәтін түрлері
Әңгімелеу мәтіні. Не істеді?
Сипаттау мәтіні. Қандай?
Пайымдау мәтіні. Неліктен?

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
15 - жаттығу. Әңгімелеу.
- Мәтін не туралы?
- Мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Мәтін неше бөліктен тұрады?
- Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудару.
- Әр бөлігіндегі сөйлемге сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін ажырату.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пайымдау мәтіні
Пайымдау мәтіні
Пайымдау мәтіні туралы білімдерін тереңдету, оның сипаттау мәтінінен айырмашылығын байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Зейінділікке тәрбиелеу.
Мәтін (пайымдау)
Мәтін (пайымдау)
Мәтіннің пайымдау түрін толық меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, пайымдай білуге баулу Баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру
Мәтіннің түрлері
Мәтіннің түрлері
Екінші сыныпта алған мағлұматтарына сүйене отырып, мәтін туралы ұғымдарын кеңейте түсу, мәтін түрлерін ажыратуға, пікір айтуға, өз ойын дәлелдей алуға дағдыландыру, қорытынды жасай алуға үйрету.
Сөйлем
Сөйлем
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мустафаева Биғайша Абубакировна
Мәтін және оның түрлері
Мәтін және оның түрлері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы Ағылшын тілі пәні мұғалімі Оразбаева Жаңагүл Шөмшекбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×