Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін және оның түрлері

02 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 - сынып

Өтілген уақыты: 28. 10. 2013ж
Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) Мәтіннің түрлерін қайталау сол арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір - бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.
To enrich pupils knowledge about birds and animals

ә) Сөздік қорларын молайтып, ауызекі, жазба тілінің, логикалық ойлауының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Develop children` s reading and writing abilities

б) Табиғатты аялауға, салт - дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
To bring up pupils friendship, to love and protect environment.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Оқыту әдісі: сөздік, талдау, салыстыру, ажырату, проблемалық ізденіс әдісі, өз бетінше жұмыс, ойын әдісі
Көрнекілік: слайд
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, ағылшын тілі

Сабақтың барысы
І. Психологиялық сәт
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Good afternoon!
Good afternoon!
Good afternoon to you!
Good afternoon, good afternoon!
We are glad to see you!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
148 - жаттығу
Қыстап қалатын құстарды атаңдар.
Сауысқан, қарға торғай, көк шымшық, көгершін
Балалар бүгін бізде ерекше сабақ.
Қайда баратындарыңды білгілерің келе ме?
Ол үшін мына құпия есіктің тапсырмасын орындасақ ғана білеміз.

Ой қозғау
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Мәтіннің қандай бөліктері болады?
3. Мәтіннің әр бөлігі қалай жазылады?
4. Мәтіннің қандай түрлері болады?
Қайда келдік?
«Хайуанаттар бағына саяхат» жасап көрелік.
Кәне, қандай аңдар бар екен?
- Балалар бүгін баққа 2 - 3 аң шықпай қалыпты. Оларға көмек керек екен.
- Олар қандай аңдар екенін білгілерің келе ме? Ендеше оқулықтағы жаттығулар орындау барысында білетін боламыз.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу Т т
149 - жаттығу
Мәтінді оқы. Мәтін неше бөліктен тұр?
Барыс - мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы - 130 см. Түсі көксұр, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары болады.
Қысқаша дерек көздері
Барыс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см, құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограммдай. Түсі көксұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында кездеседі. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы Астана қалаларының төл таңбаларында бейнеленген.

Мәтін неше бөліктен тұрады?
Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудар.
Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жаз. Ондағы сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Барыс - 2б. 5д. 5ә Ба - рыс
Б - дауыссыз, ұяң
а - дауысты, жуан
р - дауыссыз, үнді
ы - дауысты, жуан
с - дауыссыз, қатаң

мысық - 2б. 5д. 5ә мы - сық
м - дауыссыз, үнді
ы - дауысты, жуан
с - дауыссыз, қатаң
ы - дауыссыз, жуан
қ - дауыссыз, қатаң
«Сақина», «дақтар» деген сөздерге дыбыстық талдау жасау.

- Берілген мәтін мәтіннің қандай түріне жатады?
- Сипаттау

Жазған мәтініміз мәтіннің қандай түріне жатады?
Тағы да қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Жабайы жануарлардың ағылшынша атауларын білгілерің келе ме?
Піл - elephant, жолбарыс - tiger, қасқыр - wolf, аю - bear, түлкі - fox, қоян - hare
Snow Tiger Қар барысы
Habitat: It lives in mountain
Size: it is big
Food: Meat
Colour: White with black
150 - жаттығу
Сөйлемдерді мазмұндық байланысына қарай реттеп жаз.

Аю - жыртқыш аң. Аюдың денесі ірі. Жүні бір түсті. Аюлар тіршілік ететін ортаға бейімделеді.

- Берілген мәтін мәтіннің қандай түріне жатады?
- Сипаттау
- Өздерің аю туралы не білесіңдер?
- Аю туралы ағылшынша қысқаша мағлұмат алғыларың келе ме?
(Тапсырма орындау арқылы аңдарға көмектесіп, хайуанаттар бағына жіберу)
Bear - аю
Habitat: It lives in the forest
Food: It likes honey
Size: it is big
Colour: It is brown

ІҮ. Сергіту сәті
Hands up clap, clap
Hands down shake, shake
Hands on hips
1, 2, 3, hop
1. 2. 3, stop
Ү. Тақтамен жұмыс.

151 - жаттығу Мәтіндегі сөйлемдердің жігін ажырат. Мәтінге ат қой.

Киіз үй
Ата бабамыз киіз үйде тұрған. Киіз үй көшіп - қонуға ыңғайлы. Үйдің бөлшектері: шаңырақ, кереге, есік, терезесі - түндік белдеулі, киіз үйдің белбеуі сияқты.
- Мәтіннің қай түріне жататынын айт.
- Пайымдау мәтіні

ҮІ. Put the letters in order («Адасқан әріптер» ойыны)
eabr - bear
rgeti - tiger
oxf - fox
Sing a song
Animal sounds
Ducks go quak quak
Dogs say bow
Pigs say oink oink
Cow say moo

ҮІІ. Бекіту
Ой қорыту
1. Мәтін дегеніміз не?
А) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз.
В) Екі не одан да көп байланысқан сөйлемді мәтін дейміз.+
С) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін мәтін дейміз.
2. Мәтіннің қандай түрлері болады?
А) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау +
В) Пайымдау, сипаттау, лепті сөйлем
С) Сипаттау, әңгімелеу
3. Мәтіннің бөліктерін тап
А) Мәтін, сөз, сөйлем
В) Басы, негізгі бөлім, соңы +
С) Негізгі бөлім, соңы
4. Сипаттау мәтіннің сұрағын тап
А) Неліктен?
В) Не істеді?
С) Қандай? +
5. Ағылшын тілінде аю сөзі қалай аталады?
А) falcon
В) tiger
С) bear +
/Қорытындысын шығару/
ҮІІІ. Үйге: 153 - жаттығу 56 бет
ІХ. Бағалау (Сабаққа қатысқан оқушыларға төсбелгі тарату)
35 129
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Adjectives. Degrees of comparison.
Adjectives. Degrees of comparison.
Pupils will able to use adjectives in their speech. To develop pupils’ writing, reading, speaking abilities through giving different tasks.
Greenhouse gases and climate change
Greenhouse gases and climate change
To teach pupils to speak about ecological problems in oral speech and in writing, to get full information trough reading and listening.
This is my friend
This is my friend
To teach pupils say about their friends, to enrich their vocabulary. To develop reading, writing, lexical habits. To bring up their love profession.
Сипаттау мәтіні
Сипаттау мәтіні
Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылардың өзара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.
English is around us
English is around us
Меңдалиева Ақнұр №24 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×